ДАҢҚТЫ БАТЫРДЫҢ ДАРА ҚЫЗЫ

4 жылдың төңірегі болды. Телеарнадан бөлек жол саласында қосымша жұмыс істеймін. Анда-санда кеңсеге соққанда оның ерекше сұсын байқайтынмын. Өзгелерден өктем. Дөңгеленген жүзінен бір бекзадалық байқалады. Мұндай адамдарды мысы басым дейді ғой. Оны көрсе жастар жағы жым болады. Өйткені басың-көзің демей сөзбен сойып салатыны бар. Қасында қараптан-қарап күмілжіп қаласың. Бұл не құдірет? Қандай қасиет? Адуынды мінезінен бе? Ажарлы келбетінен бе? Сөйтсем, бұл адамның тегіне байланысты екен…
Зайра Шаймұратқызы – білікті инженер. Жол саласында еңбек етіп жүргеніне 26 жылдан асты. Осы бір қатпары қалың, қиын жұмысты ерлермен бірдей мыңқ етпей көтеріп келе жатқан мықты маман. Мыңдаған шақырым жолдың құрылысын, күтімін, сапасын қадағалайды. Ертелі-кеш ел аралап, жол шолып жүргені. Мұндай табандылық пен төзім әкемнен дарыған,- дейді. Ал әкесі ІІ Дүниежүзілік соғыстың жай ғана ардагері емес, бірнеше «Даңқ» орденін алған нағыз батыр.
- Менің Әкем Шуашбаев Шаймұрат Қалқаманұлы Шығыс Қазақстаннан Берлинге дейін жеткен адам. Ондаған қаланы, жүздеген елдімекенді жаудан азат еткен. Ол 1921 жылы Тарбағатай ауданы Қызыл су елдімекенінде дүниеге келген. 1941 жылы соғыс басталғаннан әскер қатарына шақырылып, содан Аягоздегі Сергиополь Әскери Жасақтау полкінде 3 айдай дайындықта болады. Содан соғысқа 314- атқыштар дивизиясына «наводчик» болып тағайындайды. Сол майдан ортасында жараланып, госпитальда емделіп, өзінің батальонына қайта оралады.
Үш айлық сержанттық курсты аяқтағаннан кейін Днепр өзені бойындағы Сталинград қаласы түбіндегі сұрапыл шайқасқа қатысады. Жараланып туған жерге оралады. Бір көп ұзамай қайтадан соғысқа сұранады. 1942 жылы Курск доғасындағы майданға аттанады. Күн демей, түн демей жаумен алысады. Чехославакия астанасы Прага қаласын азат етуге қатысады.
– Әкемнің Сталиннен, Маршал Жуковтан алған марапаттары әлі сақтаулы. Ондағы даталар мен қалалардың атынан әкемнің майданда жүріп өткен жолын көруге болады. «Память народа» деген ресейлік сайт бар. Соған ардагерлердің аты-жөнін жазсаңыз, біраз ақпарат атып шығады. Төменде әкемнің алған орден-медальдар тізімі:
- Слава III ст. Ордені;
- Слава II ст ордені;
- За победу над Германией в Великой Отечественной Войне 1941-1945г, медалі
- «За взятие Кенисберга» медалі
- «За доблестный труд в Великой Отечественной Войне 1941-1945г» медалі
- «За победу» «20 лет победы в Великой Отечественной Войне1941-1945г» медалі
- «25 лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945г» медалі
- «30 лет победы в Великой отечественной войне 1941-1945г» медалі
- Медаль «Маршала Жукова»
- «40 лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945г» медалі
- «50 лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945г» медалі
- «50 лет Вооруженных Сил СССР» медалі
- «Отечественная Война» I ст. Ордені
- «Ветеран труда» медалі
- «60 лет Вооруженных Сил СССР» медалі
- «70 лет Вооруженных Сил СССР» медалі
Шуашбаев Шаймұрат Қалқаманұлы соғыс аяқталғаннан соң Берлинді қалпына келтіру жұмыстарына қатысады. Туған елге 1946 жылы аман- есен оралады.
- Елге оралғаннан кейін анамыз Күлбағиламен отау құрады. Он баланы дүниеге әкеледі. Мен тоғызыншы перзентімін. Әкем кішкентайымыздан бізді еңбекке баулыды. Аузыңнан шыққан сөзге, қолыңмен істеген іске жауаптысың,- деп үйретті. Бұл оның жауапкершілікке және адалдыққа үндегені екен.
Шуашбаев Шаймұрат Қалқаманұлы соғыстан кейін колхоз, совхоз жұмыстарына белсене араласты. Ардагерлердің алды еді. Шығыс Қазақстан облысының Ардагерлер кеңесі төрағасы болды. Ұрпағы өсіп-өнді. 38 немере, 60 шөбере сүйді. Аялы әке, ардақты ата бола білді. Жеңістің 55 жылдығын көрді. Сол жылы 80 сексенге қараған шағында дүние салды.
- Отанын қорғап аждаһаның аузынан қайтқан ата-әкелеріміздің теңдессіз ерлігі, отаншылдық нәріне суарылған биік парасаты, асқақ адами болмысы бізге мәңгілік өнеге, өмірлік мектеп, ізгілік пен адамгершілік этолоны болып қала береді. Көпшілікке деген ізет- ізгілікті, өмірге деген құштарлықты, мейірімділікті бойымызға дарытқан, ойымызға сіңіріп кеткен осындай әкенің балалары болу – бізге бақыт әрі ауыр жүк – дейді Зайра Шаймұратқызы.
Гүлжазира Ғалиқызы,
Астана қаласы.
Dooes your blog hav a contact page? I’m having trouble locatng iit but, I’d llike too semd you an e-mail.
I’ve gott sone idesas ffor your blog you might bee interested in hearing.
Either way, grest wegsite annd I look forward to seing
iit improve oger time.