Қоғам және бізТаңдаулы

ХАТ ЖАЗЫП КӨРДІҢІЗ БЕ?

Хат жазып көрдіңізбе?..

 

Бүгінде эпостолярлық жанрдың қызметін желідегі «комментарий» ұрлап алды. Әдебиет тарихын парақтасақ, хат арқылы ой-толғамын қағазға түсіріп, сыр бөлісу бұрыннан бар үрдіс. Бұл жанр — қалам тербеген ақын-жазушыларымыздың әдеби пікірі, ашық ойы, көпшілікке жария етуге болмайтын ішкі сырлары т.б. толғантқан мәселелері жөніндегі жазбалары жеке авторға немесе көпшілікке жолданған. Әдебиетте жиі айтылатын «Есениннің хаттары», немесе М.Әуезовтің, Ә.Тәжібаевтың, М.Ғабдуллиннің т.б. хаттары сақталғанын білеміз. ХХ ғасырдың басында С.Ерубаев пен Р. Жаманқұловтың бірнеше ақынға (С.Мұқанов, Б.Майлин, С.Сейфуллин)арнап, «Социалды Қазақстан» газетінің бетінде  «Ақындарға ашық хат» жариялауы эпостолярлық жанрдың  тамаша үлгісі болатын. Бүгін мен де өз шәкіртім Дариға Бақбергеннен хат алдым. Енді соған жауап беруді жөн көрдім.

 

…»Көздеріңіздегі мөлдірлікке қызығам. Айнаға қараңызшы сол мөлдірлікте менің бұйра шашымның ұшы қылаң берер ме екен?..»- не деген образ. Ойыңды жеткізе отырып, ой саласың. Мөлдірлік бәлкім, өз жүрегіңде. Адам көргісі келгенді іздеп табады емес пе. Бойыңдағы қасиет пен тазалық көңілге түскен кірбіңді ойлардан арыла алмай аласұрып жатыр-ау… Осының бәрін жүрек сүзгісінен өткізіп, айналаңды қаумалаған түнек ойлар мен андыздаған аш қарақкөздер, санаңды сансыратып, әлекке салды ма?.. Ия. өмір осылай… Бәрін өмірге жаба саламыз, оп-оңай. Өмір деген — Өзіміз екенін мойындағымыз келмейді. Кейде пендешілік пен алыспай-ақ өзің де солардың ыңғайына көне салсам ба екен дейсің…

Бірақ, өмір парадокс. Айналаңнан ізгілік іздеген сайын бейсаналылыққа, ал жарыққа жетсем бе екен деген сайын тұман мен қараңғылық жан-жағыңнан жұлмалап, тартқылайды.  «…Ақтарылғым келеді.  Өксіп  қала берем.  Ешкімге айта алмайтын сыр сандықты шашқым келеді.  Көтеріп жүруден шаршадым.  Шаршатты… » -дейтін тұстары, иррационалды монологтан логикалыққа жалғасқан, өмірден мән іздеп, үнемі өз сұрағына жауап іздейтін даналыққа бет бұрудың алғашқы қадамдары. Бұл жазушының шын азабы. Шығармашылықтың азабынан айығып, рахатына жетуге дейін психологиялық арпалыспен талай қағаз мыжылар. Мейлі. Ойыңдағыны қағазға түсір. Сырыңды басқа кейіпкерге айнала отырып ақпараққа төк. Сені бұл қиындықтан оқырманың ғана құтқарады. Ия. Оқырманың… Сен қазір беті ашылмаған қалың мұқабалы кітап сияқтысың…

«…Түркістанда бүгін «қара қарғаның миы қайнайтын ыстық» болды, мен тоңдым. Жүрегімді ала сиырмұзжалаптұрғантіліменжалапқалғандай…»-деп, ішкі құбылысты бейнелі суреттеуің Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романындағы Еламанның күндегі әдетімен қырдың биігіндегі үйіне қарап тұрған сәтте есік алдынаа тоқтаған салт аттыны көруі, ол аттының көптен күтіп жүрген сыйлы кісісі қайын атасы Сүйеу қарт емес, Тәңірбергендікі екенін көргенде балықшы жігіт сілейіп қалды. Осы сәтте әлдеқайдан жүгіріп келген сары қаншық бұның үстіндегі балық иісі шыққан киімді иіскеп мұп-мұздай тұмсығымен қолын жалағанда сұлық тұрған жігіт бойын жиып ала қойды… дейтін детальмен орайлас. Бірі ең жақтырмайтын адамын көргендегі балықшының күйі, екіншісі психологиялық шендестіру арқылы сыртқы қоғам мен ішкі болмыстың сипатын танытып тұрғандай.

«…Адам өскен сайын биіктеп, қанша биіктесе сонша аласара ма қалай?! «Арқаңнан қағып түріп аяғыңнан шалып тұрады»-ның кебі болып жүр. Тірлікке бір қадам жақындаған сайын пенделікке он қадам жақындайтындаймын…»-депсің. Шамасы Мұқағалидың халін бастан өткеріп жүрген боларсың… «Көтеріп тұрып, құлатады өмір. Күлдіріп тұрып, жылатады өмір. Етегің толып еңіреген кезде Қайтадан өзі жұбатады өмір. Үмітіңді үзіп, түңіле көрме, Құлап барып та гүл атады өмір. Үп еткен желге дірілдей берме Шыдамдылықты ұнатады өмір»-деп, өмірдің болмысын сипаттай отырып, соңында жауабын да өзі берді емеспе, ақын…

Тағы да «…Тіршілікке араласып шетін көрембе десем,  аярлықтың жалаңдаған аяғын көретіндеймін…», дейсің. Бұл санаңдағы рухани сілкіністен болар. Қанмен сіңген тазалық, сүйекпен кетеді. Жүректің қарайып кетпеуінен сақтан!..

Роза Есбалаева

Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері

 

Осы айдарда

Back to top button
Close
Close