Түркі жұртында

Сапалы білім – жарқын болашақ кепілі

ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі сапалы білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ.

Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы.  Мұғалімдер мен оқушылардың біліктілігін  көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары бірізділікпен жүйелі жолға қойылып келеді. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Мен де 2018 жылдан бері өзім  басшылық жасап келе жатқан Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы «№21 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде білім алушының білім сапасын арттыруды жолға қоюды басты мақсат етіп келемін. Себебі, білім мен ғылымның дамуы — адамзат өркениетінің өлшемі, сапалы білім жарқын болашағымыздың кепілі екендігі айқын.

Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір , жаңа көзқарасты, жаңашылықты талап ететін уақыт. Соның ішінде , білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бүгінгі мектеп табалдырығын алғаш аттаған еліміздің ең жас азаматтарына білімге ғажайып жол ашылуда.

     «Егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал егер қармақ беріп, оны қолдануға үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады» — дейді шығыс даналығы. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  бізге нақты жоспар жасап, қолжетімді нәтижеге жететін мақсатқа лайықтап жұмыс жүргізуге бетбұрыс жасайтын жағдай жасады. Яғни, қолымызға қармақ берді. Белгілі орыс педагогі В.А.Сухомлинский айтқандай:

«Егер мұғалім ойлауға үйретпесе, бала білім қоймасына айналады да, қаншама білімі мол болғанымен, ол өмірде өз білімін дұрыс пайдалана алмайтындықтан жерін айдап, дәнін сеппеген диқанға ұқсап шыға келеді».

Енді ары қарай тізгінді білікті басшы өзінің даму жоспарын қолжетімді нәтижеге бағыттаған болса, әр оқушы өзіне қажет өмірлік білімін алуға талпынары хақ. 2019 жылдың ақпан айында Алматы қаласында  арнайы  мектеп басшыларының курсынан өткеннен кейін, мектептің даму жоспарын оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, білім сапасын одан ары арттыруға, мұғалімдердің өмір бойы білім алу парадигмасын нығайтуға негіздеп жасадым. МДЖ-ның жүзеге асып орындалуы үшін біршама іс-шаралар  ұсынып, оның жүйелі  ұйымдастырылуын қадағаладым. Қолжетімді табысқа жету үшін ең алдымен әр баланың жүрегіне жол табу қажет деп «оқушы үнін» естуге, тыңдауға қатысты шаралар  жүргізуді жолға қойдым.

Жүргізілген сұхбаттар, алынған сауалнамалар мен рефлексиялар баланың шынайы үнін естуге көп септігін тигізді. Осы орайда сұхбатты формалды емес жағдайда жүргізген дұрыс. Сұхбатты диалог құру арқылы жүргізгенде оқу мен оқыту үдерісінің деңгейін анықтап ,оған өзгеріс ендіруге мүмкіндік алдым.

 Сұхбат түрлері   нысандандыру деңгейі бойынша: стандартталған және бағытталмаған;

зерттеу кезеңдері бойынша:  алғашқы сұхбат, негізгі сұхбат, бақылау сұхбат;

қатысушылардың саны бойынша:  жеке сұхбат, топтық сұхбат, жалпылама сұхбат болып бөлінеді. Жалпы сұхбат қандай да болмасын мәселені талқылау арқылы зерттеу болса, сауалнама белгілі бір іс-әрекеттің себептерін анықтайтын дерек. Яғни оқытуды жақсарту жолын анықтау құралы. Сауалнама құрылымы жағынан стандартты және жеке адам жасаған болып бөлінеді. Сауалнама объектілері:ата-ана, мұғалім, оқушы, әкімшілік, көмекші персонал т.б.

      Бағыттылған нәтижеге жетуде мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін анықтау, табу және деңгей бойынша іріктеу жұмыстарының тигізер әсері мол. Әр мұғалімге психологиялық-педагогикалық құзіреттілігін, қарым-қатынас құзіреттілігін, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігін, сабақ барысын басқарудағы құзіреттілігін, оқу үдерісін бағалау мен талдау құзіреттілігін меңгертуді  мақсат еттім. Сол себепті келесі қадамды мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында бағдарлама идеясын ауқымды деңгейде түсіндіру, үйрету үшін, мұғалімдердің іздену, шеберлігін дамытып шыңдау үшін «Нұрлы болашақ» кәсіби шеберлік қоғамдастығын құрумен жалғастырдым. Бүгінгі таңда бұл қоғамдастық  өз жұмысын қарқынды жүргізуде. Бұл қоғамдастықтың беретін мүмкіндіктері қандай? Олар:

  • мұғалімдер үшін білімді пайдаланумен қатар , өздеріне сол білімді құру мүмкіндігін ;
  • ынтымақтастық құрылымдарының сан алуандығын;
  • икемділігін және бейресмилігін;
  • талқылау барысында жиі ортақ шешімге келтірмейтін мәселелерді талқылау мүмкіндігін;
  • үлгілі шешімдерді шығарып қана қоймай, керісінше мұғалімнің жұмысын ынталандыратын идеялардың туындауын;
  • тәуелсіз болуы мүмкін, бірақ сонымен қатар мектептермен немесе университеттермен байланысқан ұйымдық құрылымды;
  • мектептен және қала, ауданнан тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігін;
  • іске серпін беретін және қолдау тапқан ортасында тәуекелді шешім қабылдауға ынталандыратын реформаларды;
  • мұғалімдердің білімін,сонымен бірге зерттеулер мен өзгерістер кезінде алынған білімді құрметтейтін қоғамды қамтамасыз етеді.

 

Бүгінде қоғамдастықтың мүмкіндіктерін пайдаланып мектеп – тренерлері М.Исрайлова мен А.Мырзабекова пән бірлестіктеріндегі мұғалімдерден жеке-жеке топ құрып тренерлік жасап арнайы нұсқаулық бойынша сабақтар өтуде. Алғашқы легтегі курс тыңдаушылары өз есебін өткізіп, тиісті сертификаттарын да алды. Ал кезіндегі   арнайы деңгейлік курстан білім алып сертификатталған мұғалімдерге жетекшілік жасап, жұмысты үйлестіріп отырған оқу ісінің орынбасары А. Тұрымбетованың әріптестері: А. Исабеков, А.Бесбаева, Б.Бердіқожаева, Ш. Күзенова, Г.Баржаубаева, М.Асханова, Ж.Сансызбай, Ф.Сырайлова, Р.Битанова, Ж.Рысбаева, А.Атакеева, Д.Тәукебаева, Ж.Құттыбай, Е.Зұлпыхаров, А. Бегасилова, А.Наурызбаевалармен әр сынып оқушыларының қызығушылығын оятатын тиімді тәсілдерді  зерттейтін  Лессон Стадилер де оң нәтижесін берді. Оқушы іс-әрекеті мұқият бақыланып, зерттеудің нәтижесінде интербелсенді әдіс-тәсілдер көрніс тапқан нәтижелі сабақтар өтіліп, оқушы қызығушылығы артқандығы байқалды.

Біз әлемнің барлық жетекші елдерінің қол жеткізген жетістіктерінің іргетасы – білім есебінен салынған экономика екенін көріп отырмыз. Білім – ілгерілеу және барлық инновацияның қозғаушы күші. Адами капитал мен елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы білім саласының маңызды рөлін белгілей отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да, біз білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу жолында алдымызға мақсат, міндеттерді қойып, оларды бірлескен жұмыс жобасы негізінде жүзеге асыруды қолға алып келеміз. Белгіленген межеге қол жеткізу жолындағы әрбір қадам маңызды және құнды болатындығы сөзсіз. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ елінің болашағы – бүгінгі жастар. Ұстаздар оларға қалай білім берсе, Қазақстан сол дәрежеде самғайды, өзін әлемге танытады»-деп атап көрсетті. Яғни, әрбір елдің болашағы, оның білім ордасы мектебінде шыңдалады.

Мектепте жалпы оқушы саны -1418, сонымен қатар 145 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде:   жоғары санатты – 36 мұғалім, бірінші санатты – 38 мұғалім, екінші санатты – 41 мұғалім,   5 магистр дәрежесіндегі мұғалім бар.

  • Педагог кадрлардың деңгейлік курсынан 33 мұғалім, жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 65 мұғалім біліктілігін арттырса, 13 мұғалім-«Педагог -зерттеуші» біліктілік санатына, 6 мұғалім- «Педагог –сарапшы » біліктілік санатына, үштілділік бойынша 3 мұғалім ағылшын тілінің тілдік курсынан өткен. Мұғалімдердің озық іс-тәжірибесін таратуда  8 мұғалімнің іс-тәжірибесі қала көлемінде 5 мұғалімнің іс-тәжірибесі облыс көлемінде, 3 мұғалімнің іс-тәжірибесі ресрублика көлемінде   таратылған.
  • «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған – 2 мұғалім;
  • Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған — 4 мұғалім;
  • Облыстық білім басқармасының  мақтау қағазымен марапатталған –  15 мұғалім  бар.

Өткен оқу жылында біз бағындырған белестер мен  алған асуларымыз көңіл қуантарлық. Ұстаздарымыз бен білім алушы шәкірттеріміз қалалық, облыстық, республика және халықаралық деңгейдегі түрлі байқаулар мен олимпиадалардың жеңімпазы болды.  Атап айтар болсам:

«2018 жылдың Үздік Ұстазы» номинациясының иегері, қалалық, облыстық  ұстаздар арасында ұйымдастырылған «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы, облыстық инновациялық жобалар байқауының бірінші орын иегері, облыстық озық педагогтар слетінің жеңімпазы бейінді істер жөніндегі орынбасарым Сүлейменова Жақсыкүл Жүрсінбайқызы, қалалық және облыстық «Үздік өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі — 2018 » байқауының жеңімпазы, республикалық кезеңнің де үздік қатысушысы атанған  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Әлібаева Фарида, «Үздік дене тәрбиешісі — 2019 » байқауының қалалық, облыстық кезең  жеңімпазы Ерғали Спабеков, қалалық « Өнерлі ұстаз -2018ж.» байқауының жүлдегері Насуруллаева Назым, облыстық «Үздік педагогикалық дебют – 2018» жас мамандар байқауының жеңімпаздары: Құттыбай Жәудір, Осипова Елена, қалалық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауының жүлдегері  Ессалиева Элеонора, «Ең білікті педагог» олимпиадасының жүлдегерлері: Дәменов Әсемхан мен Малханова Айжан, мұғалімдердің қалалық пәндік олимпиадасының жүлдегерлері: Тұрымбетова Ақмарал, Минуарова Құралай, Бергенова Саида, мектеп мұғалімдері арасында өткен «Тұнық жырдың тұмары- Фариза ақын» атты қалалық байқаудың І орын иегерлері : Бегасилова Айнұр мен Бегалиева Фариза, көп жылдық тәжірибелі еңбегінің нәтижесінде «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің  «Ы.Алтынсарин» медалін иеленген бастауыш сынып мұғалімі Өтепбекова Жәудір апайларымыздың жемісті еңбектері жеңісті нәтижеге қол жеткізді. Осындай ұлағаты ұстаздардан білім алған шәкірттеріміздің бағындырған биіктері де ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Олар: түрлі деңгейдегі пәндік олимпиада жеңімпаздары -14, оқушылардың түрлі бағыттағы ғылыми жоба байқауларының жүлдегерлері – 19, өнер саласы бойынша қала, облыс, республика мен халықаралық деңгейдегі түрлі байқаулардан топжарғандар- 43 және бірнеше «Ақбота», «Самұрық», «Пони», «Алтын ұрпақ» сынды т.б. интеллектуалды байқаулардың жеңімпаздары- 193, сонымен қатар түрлі спорттық сайыстардың  жүлдегерлері – 18. Білім грантының иегерлері -21 Солардың ішінде төмендегі дарынды балаларды ерекше атап өткім келіп отыр. Олар:

1. Республикалық«Асыл мұра» көркемсөз оқу шеберлері байқауының бас жүлде иегері, қалалық «Абай оқулары» байқауының бас жүлде иегері, облыстық Фариза оқуының дипломанты -11 «Ә» -сынып оқушысы Құлжа Гүлім;

  1. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің «Мәңгілік Ел, Қазақстаным» мен Республикалық «Қазақстан үміті» жас өнерпаздар байқауларының бас жүлде иегері, ҮІІІ қалалық Р.Сейтметов атныдағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының бірінші орын иегері   10 «в» -сынып оқушысы Оразхан Нұрай.
  2. «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің «Мәңгілік Ел, Қазақстаным» атты көркемсөз байқауының бас жүлде иегері, республикалық «Қазақстан үміті» жас өнерпаздар байқауының бас жүлде иегері 7 «А» — сынып оқушысы Маккан Арсен
  3. «Қазақстан үміті» Республикалық жас өнерпаздар байқауының Республикалық жас өнерпаздар байқауының екі дүркін жеңімпазы Уәлихан Аида
  4. Республикалық «Ғұмырдария» орталығының «Жаз мереке» байқауының жеңімпазы

4 «ә» — сынып оқушысы Құлжа Кемеңгер

  1. Республикалық «Қазақстан үміті» жас өнерпаздар байқауының бас жүлде иегері және Алматы қаласында өткен «Жеті өнер» ІІІ халықаралық фестиваль-конкурсының жеңімпазы 3 «А» — сынып оқушысы Әліпбай Бақдәулет пен Асқар Бақдәулет 
  2. 2018 жыл қорытындысы бойынша жылдың үздік «Жас айтыскер ақын» номинациясының иесі атанған 9 «А» — сынып оқушысы Мырзагелді Айбар

7.«Шебер қолдар — 2019» қалалық байқауы мен «Айбын» әскери-париоттық жиыны байқауының облыстық кезең жеңімпазы, Республикалық «Дала сазы» байқауының бас жүлде иегері 10 «Б»-сынып оқушысы Абдусамедов Ағаби сияқты оқу мен өнерді қатар алып жүрген дарынды шәкірттер.  

Сонымен қатар, Таэквандодан топжарған Тұрымбетова Таңжұлдызды ерекше атап өткім келіп отыр. Таңжұлдыз үстіміздегі жылдың 30-31 наурыз күндері Германияның  Гамбург  қаласында өткен таэквандодан « German Open G 1»  халықаралық турнирінде , мамыр айында өткен тәжікстандағы Душанбе қаласындағы халықаралық турнирінде қазақстанның жасөспірімдер командасының  құрамасымен барып жүлдегер атанып қайтты. Мектепте оқу үздігі, сыныптастарының алды, Таң нұрындай жарқыраған  –Таңжұлдыз қызымыз қасиетті қаламыз Түркістан  мен еліміздің атын шығарып тәжікстан мен Германия елдерінде әнұранымызды қалықтатқан  мектебіміздің мақтанышы.Ал 5-сынып оқушысы Әшірбек Жаннеля  мен 8-сынып оқушылары Жолдасбек Ұлпан,  Елтай Жанеркелер жыл бойы өткен түрлі байқаулар мен олимпиада, ғылыми жоба мен сайыстардың  бірнеше дүркін жеңімпаз болған жыл үздіктері.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ендеше осы қазынамыз ортаймасын. Еліміздің білім саласы әлемдегі үздік білім жүйелерінің тәжірибесі негізінде дамуын толастатпай, «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, білім саласындағы басым бағыттардың бірі — педагог мәртебесі арта берсін.  Еңбегіміз жемісті, мектебіміз табысты болсын.

Руслан Дайрабайұлы Стамкулов,

Түркістан облысы, Түркістан қаласы

№21 жалпы орта мектеп директоры

Back to top button
Close
Close