Қоғам және бізТаңдаулы

АҚШ-тың Тәуелсіздік Тұғырнамасы

 

Аударған: Ұланбатыр Бақытханұлы. АҚШ, Нью-Йорк.

Құрылтай, 1776 Жылы 4 Шілде.

ОнҮш Америка Құрама Штаттарының Біртұтас Қабылдаған Тұғырнамасы

 

АҚШ-та тұратын Ұланбатыр Бақытханұлы латын әліпбиі, Алаш тақырыбында қалам тербеп жүрген қандасымыз. Ел тәуелсіздігі қарсаңында алпауыт елдің  сонау 1776 жылы қабылданған тәуелсіздік туралы декларациясын қазақ тіліне аударуды жөн санапты. Ендеше, өзге мемлекеттің тәжірибесін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Адамзат оқиғаларының даму барысында, бір елдің басқа бір елмен саяси сабақтастығын үзуге тура келетін тұсында, яғни жаратылыс заңдылықтарына және Жаратқан Иенің бұйыруына сай, әлем алпауыттарының арасындағы дербес әрі тең тұрғыға жеткен шағында, адамзат көзқарасына деген ізгі құрмет олардың тәуелсіздікке тәу етер уәждерін тұғырлауын талап етеді.

Біз мынау ақиқаттарды айдан анық деп санаймыз: барлық адам баласы тең жаралған, Жаратушы оларға ажырамас құқықтарды нәсіп еткен, солардың арасында өмір, азаттық және бақытқа ұмтылу құқықтары бар. Осы құқықтарға кепілдік ету үшін, адамдардың арасында үкіметтер құрылған. Олардың өкілеттілігінің өзі басқарылатын жақтың келісімімен атқарылған. Қашанда қандай бір түрдегі үкімет бұл мұраттарға кесірін тигізсе, халық оны өзгертуге немесе жоюға иә дәл сондай қағидаларға табан тірейтін және тура осындай үлгіде билігін құратын һәм олардың амандығы мен бақытын барынша әлеуттендіретін жаңа үкімет орнатуға құқылы. Даналық, шындығында, құрылғанына едәуір заман болған үкіметтердің жеңіл және өтпелі себептерге бола өзгеруге тиісті емес екендіктерін көрсетеді. Соған сәйкес, барлық тәжірибесабақтарға жүгінсек, адамдар өздері үйреніп кеткен қалыптарды тастап, өздерін дұрыстауына қарағанда, көтере алатындай болса болғаны, қиындықтарға шыдауға пейіл келеді. Бірақ, өзгеріссізұқсаснысанадаболған қиянат пен зорлық-зомбылықтың ұзын тізбегі елді бүкілдей өктемдік астында бағындыру жоспарын көрсеткен кезде, олар бұндай үкіметті аударып тастауға, тағы өздерінің болашақ қауіпсіздігіне жаңа кепілдіктер қоюға қақылы әрі міндетті.

Осынау Отарлардың төзіп келген машақаты тап осылай болған-ды. Міне, бұл оларды өздерінің әуелгі үкімет жүйесін өзгертуге мәжбүрлейтін қажеттілік-дүр. Ұлыбританияның қазіргі патшасының тарихының барлығы Штаттарға нағыз зұлым үстемдік орнатуды тікелей нысана еткен зорлық-зобалаң мен талан-таражылықтың қайталанған бір естемесі. Бұны дәлелдемекке, шындықтар әділ әлемге жеткізілсін.

Ол ел игілігіне ең пайдалы әрі қажетті заңдарды мақұлдаудан бас тартты.

Ол өз әкімдерінің шұғыл және маңыздылығы басым заңдарды қабылдауларын шектеді. Әйтпесе олардың істерін өзінің мақұлдауын беруге тиісті болғанша кідіртті. Сосын,осылайша тоқтатып қойғанда, оларды мүлдемелеп-ескермеді.

Ол жұртшылық заң шығарушы биліктегі өкілдік құқықтарынан уаз кешпейінше, жалпы өңірдегі халықтың тың игеруіне арналған басқа заңдардың қабылдануын тойтарды,ал мұндай құқық олар үшін баға жетпес болса, тек қатыгез билеушілерге қауіпті болды.

Ол заң шығарушы құзырлы тарауларды өзгеше, жайсыз әрі мұрағаттар сақталған орындардан қашық жерлерде жиналыстарға шақырды. Сондағы діттеген мақсатыоларды арып-шаршатып, өзінің әміріне көндіру болатын.

Ол адамдардың құқығына сұғанақтық жасауына ерлікпен табанды қарсы тұрғандықтары үшін өкілдер құрылтайын талай рет таратып жіберді.

Ол дәл осындай таратулардан кейін, өзге құрылтайларға қаулы қабылданып кетуін ұзақ уақыт бойы тойтарып келді. Әйтсе де, заң шығарушы құзыретті мекемелер жойылуға болмайтындықтан, қалың елдің игілігіне қайта оралған. Сол кезеңде бүкіл ел әлі де сыртқы шапқыншылық пен ішкі дүрбелеңдердің қауып-қатеріне душар жағдайда еді.

Ол осы Штаттардың жан санының артуына бөгет болуға тырысты. Сол ниеті үшін шетелдіктердің азаматтық алузаңдарын күрделендірді. Қоныс аударушыларды келуге ынталандыратын басқа заң-жобаларды қабылдаудан бас тартты, сондай-ақ тың жер үлесінің шарттарын көтеріп жіберді.

Ол әділет басқармаларын құруға арналған заңдарды мақұлдаудан бас тарту арқылы сот әкімшілігіне кедергі келтірді.

Ол сот төрешілерін кеңсе меншігіне, еңбекақысына және төлеміне қарай өз еркіне ғана тәуелді етіп қойды.

Ол көп түрдегі жаңа кеңселерді тіктеді, сосын тобырлаған шенеуіктерін тағайындап, жәй бұқараларымызды жәбірлеп, олардың қан-терін сүліктей сорды.

Ол бейбіт заманның өзінде біздің заң шығарушы биліктеріміздің келісімінсіз  арамызда тұрақты әскерлерін тұрғызып келді.

Ол әскери билікті тәуелсіз етумен қатар азаматтық биліктен жоғары қойып атқаруға мұрындық болды.

Ол біздің ата заңымызға жат және заңдарымыз жағынан мойындалмаған заң құзыретімен бағындырмаққа басқалармен бірлесті, олардың бояма заңнамалық жобаларына арнайы мақұлдық беріп келді:

Мұздай қаруланған алып әскери қосындарды біздің ортамызға тұрғызу үшін;

Жалған сот арқылы оларды анау штаттардағы тұрғындарға жасау керек болған кісі өлтіруістерінің жазасынан қорғау үшін;

Әлемнің бар тараптарымен жасаған саудамызды тоқтату үшін;

Келісусіз біздің мойнымызға салықты күштеп салу үшін;

Көптеген жағдайда алқабилер сотының тиімділігінен айыру үшін;

Жалған айыптармен бізді теңіз асырыпсоттап жіберу үшін;

Көрші бір өлкедегі ағылшын заңдарының еркін жүйесін жоққа шығарып, онда кертартпа биілік орнатып, содан іргесін кеңейту арқылы осы Отарларға бірдей дарабилік тізімін енгізудің мысалы және қолайлы құралы етіп бір жолда атқару үшін;

Біздің ерекше жарғыларымызды күшінен қалдыру үшін, біздің ең құнды заңдарымызды керексіз ету үшін және біздің үкіметтеріміздің қалыптарын ірге тасымен өзгерту үшін;

Біздің өзімізге тән заң шығарушы биліктерімізді тоқтату үшін, тағы өздерін әрқандай жағдайда бізге заң шығаруға пәрменді деп дәріптеу үшін.

Ол бізді өзінің қорғауынан қалған деп жариялап, әрі бізге қарсы соғыс ашып, бұндағы үкіметтен бет бұрды.

Ол біздің теңіз аумақтарымызды тонап, жағалауларымызды жалмап, қалаларымызды өртеп, халқымызды қынадай қырғындады.

Ол бұл уақытта шетелдің қалың жалданбалы әскерлерін алып келіп, қырғын, ойран және зорлық-зобалаң салмақ, әлдеқашан басталған мұндай жауыздық пен сатқындыққа толы жәйіттер ең жабайы дәуірлермен зорға салыспақ. Яки ол бір өркениетті елдің елбасысы болуға толығымен лайықсыз.

Ол алып теңіздерде тұтқынға түскен өзіміздің отандастарымызды өз отанына қарсықару алып шығуға, дос-жарандары мен бауырластарына баскесер болуға немесе өздерін олардың қолынан мерт болуға қинады.

Ол біздің ортамыздағы ішкі араздықтарды қоздырды. Және де ол аяусыз да қатал үндістерді шекаралардағы тұрғындарға қарсы айдап салуға тырысты. Олардың айтулы соғысу тәсілі – бәрінің жас шамасына, жынысына және жайына қарамай жаппай қыру болатын.

Әр жолғы езгілердің ауқымында, біз ең қарапайым тұрғыдан қалыпқа келтіруді өтініп келдік. Біздің сан мәрте жолданған өтініштерімізге тек қана қайталанған сұмдықтан жауап қайтты. Бір бекзада әрбір әрекетіне байланысты сипаты жағынан қатыгез билеуші саналса, онда ол еркін елдің әміршісі болуға сай емес.

Біз Британдық бауырластарымызды назардан тыс қалдырмадық. Біз олардың заң шығарушы билік арқылы негізсіз бір сот жүргізу құқығын басымыздан асырмақ болған оқталыстары жайында ауық-ауық ескерту жасадық. Біз оларғаөзіміздің қоныс аудару және осында қоныс тебу хал-жайларымызды аңыс еттік. Біз олардың табиғатына тән әділеттілігі мен кеңпейілдігіне үндеу тастадық. Біз тағы тегіміз бір туысқандығымызбен олардың қарым-қатынасымызды және барыс-келісімізді сөзсіз бұзатын талан-таражылықтан аулақ болуын өтіндік. Олар да әділеттілік пен тектестіктің әуеніне кереңдік танытты. Демек, біз олардан бөлінгенімізді мағұлымдайтын мұқтаждыққа түсуге тиіспіз, біз оларға да басқа жұртқа қаратқан ұстанымда боламыз: соғыста жаумыз, бейбітшілікте доспыз.

Біз, ендеше, Америка Құрама Штаттарының өкілдері жиналған жалпы құрылтайда әлемнің жоғары сотын ниетіміздің туралығына куә болуға шақырып, осы Отарлардағы игі халықтың атымен және билігімен, салтанатты түрде Құрама Отарлардың аты-затына сай егемен және тәуелсіз Штаттар болғанын һәм болуға қақылы екенін жар салып жариялаймыз;

Олардың Британия патшалығына бар адалдығынан ада болғандығын,олардың Ұлыбритания елімен болған барлық саяси қарым-қатынасының бүкілдей үзілуі керектігін жариялаймыз. Әрі  егемен және тәуелсіз Штаттар есебінде, олардың соғыс жариялауға, бейбітшілікке келуге, одақтармен келісім-шарттарға отыруға, сауда-саттық жүргізуге, өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет ретінде тағы да басқа істеуге тиісті харакеттер мен істерді орындауға толық қуаты барлығын жариялаймыз, Һәм бұл тұғырнамаға тірек болуға, біз Құдайдың құдыретті қамқорлығына деген берік сеніммен бірге, өз өмірімізбен, қазынамызбен және қасиетті даңқымызбен өзара ант етеміз.

Нью-Гэмпшир

  • Джосайя Бартлет
  • Вильям Уипл
  • Мэтью Торнтон

Массачусетс

Род-Айленд

 Коннектикут

Нью-Йорк

  • Вильям Флойд
  • Филипп Ливингстон
  • Фрэнсис Льюис
  • Льюис Моррис

Нью-Джерси

  • Ричард Стоктон
  • Джон Уизерспун
  • Фрэнсис Хопкинсон
  • Джон Харт
  • Авраам Кларк

Пенсильвания

Делавэр

Мэриленд

Виргиния

Солтүстік Каролина

  • Вильям Гупер
  • Джозеф Юз
  • Джон Пенн

Оңтүстік Каролина

  • Эдуард Ротледж
  • Томас Гейуард, кіші
  • Томас Линч, кіші
  • Артур Миддлтон

Джорджия

  • Боттон Гвиннет
  • Лайман Холл
  • Джордж Уолтон

 

 

Осы айдарда

Back to top button