Гүлжазым

САУМАЛДЫҢ КАПСУЛА ТҮРІН ІШІП КӨРДІҢІЗ БЕ?

 

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғанымда  жылына екі рет келіп ауылдан саумал ішіп кететінмін. Сәуір және тамыз айларында. Себебі атам мен әжем осы кезеңдерде  ішкен денсаулыққа пайдалы дейтін. Қалада тұрған ағайынның мен секілді мүмкіндіктері бола бермейтіні бесенеден белгілі. Бұл тығырықтан шығудың жолын өзіміздің қазекемдер ойлап тапқанына дән риза болып отырмын. Іргеміздегі Қарағандыда неміс технологиясымен саумалдң капсула түрін өндіріп жатыр. Нарыққа ұсынып отырған қазақстандық NEO компаниясы.

САУМАЛДЫҢ ПАЙДАСЫ

Саумалдың (жаңа сауылған бие сүті) бірнеше ғасырдан бері Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен қатар басқа елдерде де белгілі екеніне қарамастан оның шипалы қасиетіне адамдар кейінгі кезде ғана мән бере бастады. Мұндай ерекше тағамға шетелдіктердің (Германия, Франция, Бельгия, жапония, АҚШ) қызығушылығы жоғары екенін атап өту керек. Шет елдерде бие сүтін қолдану бірнеше онжылдықтан бері жүргізілетінін ескерсек бұл таңқаларлық жайт емес. Ал бие сүті пайдасының ғылыми дәлелденген тұсы бойынша қолданылу ауқымы өте кең және ол медициналық көрсеткіштермен шектелмейді.

Бие сүті мен оның өнімдерінің ерекше және сауықтырғыш қасиеті адамдарға ерте заманнан белгілі. Ертеде көшпенділер жаңа сауылған бие сүтін «саумал» («саумал» қазақ тілінен аударғанда – жаңа сауылған бие сүті) деп атаған.

Бие сүті мен оның өнімдерінің пайдалылығы жайында дәстүрден бөлек, ежелгі жылнамаларда және Гиппократ пен батыста Авиценна болып танылған Абу Али Ибн Синаның медициналық трактаттарында айтылған. Авиценнаның еңбектеріне бірнеше мың жыл болған, ол Еуропа, Азия және Таяу Шығыс медицина ғылымының негізі саналады. Авиценна өз еңбектерінде бие сүтінің сауықтыру қасиетін атап өтіп, оның адам болмысына жақын екенін айтқан.

 

ЕМДІК ҚАСИЕТІ

 

Ішкілікке байланысты бауыр аурулары, алкоголь гепатиті және бауыр циррозы.

  • Бауырдың ішкілікке байланысты емес май аурулары: бауыр стеатозы, ішкілікке байланысты емес стеатогепатит және ішкілікке байланысты емес стеатогепатит жағдайында бауыр циррозы
  • Созылмалы вирусты В, С және D гепатиттері, сонымен қатар вирусты бауыр циррозы
  • Созылмалы гастриттер мен дуодениттер
  • Асқазан мен ұлтабар жарасы
  • Созылмалы панкреатит
  • Ішек дисбиозы белгісі
  • Өт шығарушы жолдардың әрекетсіздігі.
  • Иммунитетті көтереді.

 

P.S. Құтысында 60 капсула. Күніне екі мезгіл тамақтан кейін ішеді. Бағасы 10500 т

 

 

Гүлжаз ҚАРЫБЕК

 

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?
Close
Back to top button