ТаңдаулыТүркі жұртында

КЕНДІ ҚАЛА ӨНЕР ОРДАСЫНА СҰРАНЫП ТҰР…

Толық қолдаймын

Кентау қаласына Үстіміздегі жылы 65 жыл толады. Бұл үлкен мерей той. Осы жылдардың ішінде қала өркендеу, өсу жетістіктерімен қатар кешегі өтпелі кезеңде құлдырауды да басынан өткізді. Ал қазір еңсесін көтере бастады.

Кентау қаласы мен Ащысай түсті металдар комбинатын бөліп жаруға болмайды. Комбинаттың арқасында Кентау қаласы өсті, Кентау қаласы аталғанда Ащысай комбинаты айшықталып тұрады.
Кентау қаласынан – Комбинаттан бес еңбек ері, он төрт мемлекет сыйлығының иегері, тоғыз адам Совминнен сыйлық алды, он екі азаматқа Лениндік сыйлық берілді.
Кентау қаласына Ащысай, Байылдыр, Хантағы, Қызыл жол ауылдары қарайды және бұрынғы Түркістан ауданына қарайтын 12 ауылдық округтері қосылды. (27.07.2018 №221 – Түркістан облыстық акимат қаулысы. 27.07.2018 №28-309-VI – облыстық маслихат шешімі).

Осылайша Кентау ауданының жер көлемі де (721745 га) халық саны да (100 000 нан астам адам) көбейді.
Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі «Сарасөз» жорналында (19.10.2019) қаланың өнер мен мәдениетке елеулі ат салысып жүрген азаматтары туралы жақсы хабар берген. «Біз мәдениет саласындағы жас буын Ұлы қазақ Даласының ұлы мәдениетін ұлықтап сақтауға, оны кейінгі ұрпаққа насихаттауға бар күшімізді саламыз. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы айтқандай бағытымыз – айқын, жолымыз ашық» дейді Мыңбай Бақыт.
Бұл жанып тұрған жастардың келешекте ел мәдениетін алға сүйрер жалынды сөзі емес пе?
Бақыт Мыңбай:
«… өткенімізді мақтан ете отырып, ұлы мәдениетіміз бен салт – дәстүрімізді ұлттық құндылықтарымызды насихаттау жолында өзіндік үлесін қоса алатын кенді қаланың төріне кәсіби театр ашатын және арнайы ғимаратын салатын уақыт келіп жетті» дей келе сол театрға Ә.Сығайдың атын беруді де ұсына кетеді.
Уақыт бәріне сыншы. Олай десек Кентауға кәсіби театр ашу сол уақыттың талабы. Кентау қаласының 60 жылдығында Бекжігіт Сердалы екеуміздің бірігіп жазған «Текетірес» спектаклінен (комбинат инженерлерінің өміріне арналған) Р.Сейтметов атындағы театр үзінді көрсеткен болатын. Театр болса оған жергілікті қаламгерлердің қойылымдары да табылары сөзсіз.

Сөз соңында Б.Мыңбайдың ұсынысын қолдай келіп, осы кішігірім мақала Түркістан облыстық мәдениет департаменті мен Республикалық мәдениет және спорт Министрлігі назарын аударып, Кентау ауданы халқының ойынан шығатын шешім қабылдайды деп сеніп білдіреміз.

Өскенбай Құлатайұлы
Түркістан, Кентау қалаларының
Құрметті азаматы.
Қазақстан журналистер және жазушылар
одағының мүшесі.

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Back to top button
Close
Close