Қоғам және біз

ЕЛ АНАСЫ

МЕРЕЙ ТОЙ

Қадірлі, SARASOZ.kz сайтының оқырмандары!

Біз әлеуметтік алаңымызда қабырғалы қазақтың қуанышы мен шаттығын бірге бөлісу үшін шілдехана, тұсаукесер, беташар, үйлену тойы, мерейтой т.б. жетістіктері туралы шын пейіл, шынайы құттықтаулар жариялай бастадық. Тұңғыш қадам, салиқалы сүйінші қазақтың мұнайлы астанасының қадірменді тұрғынына тиесілі болды.

Қазіргі қазақ жырының жампозы, әні мен сәні жарасқан өнер иесі, әнші һәм домбырашы Алмас Жәсенұлы САДЫҚОВ ағамыздың ғұмырлық қосағы, өмірлік серігі Роза жеңгемізді SARASOZ.kz сайтының қалың оқырмандарының атынан мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

 

Ел анасы

 

Атыраудың арда перзенті, жаны жыршыл, өлеңі өршіл

Алмас Жәсенұлы САДЫҚ көкемнің: «Менің ғұмырлық қосағым

Роза жеңешеңе көзі тірісінде бір өлең арнамаймысың…»

 – деген ағалық назына жауап…

 

Қазағым – қалың,

Байұлы – байтақ, баталы.

(Нарынның құмын күйдірерКүннің шапағы)

Есентемірдің еліне жақұт-бақ қонды,

Түскенде келін: есімі – гүлдің атауы.

 

Гүлбейне келін,

Руы Адай, Матайдан…

(Жауына шапқан баласы аттан-атойлап!)

Келімберді, Мұңал, Бәйімбеттердің сүйегі,

Баһадүрлер мен балуандардан қатайған.

 

Еңселіелге,

Бұйырып дәм мен тұзы анық…

(Арайлап атты бақыттың таңы қызарып)

Ақ нардың қарны жарылды шағыл ішінде,

Беделі бекем «Бес Жанбоз» жерден қыз алып…

 

Мерейлі Матай,

Бауырмал жұртқа қаныққан.

Өтеулі, Айым – шыққандай өткір шарықтан.

Жаманқара мен Шақаның орны – бір төбе,

«Бес Жанбоз» елдіңкүні жоқ ешбір тарыққан.

 

«Ағашы – мықты,

Осалдау шықты» демеңіз…

(Нағашы жұртты паналап әркез келеміз…)

Атырау алып – көк теңіз атқан толқыны,

Есен мен Адай – ерлігі ерен тел егіз!

 

Ұяда– көрген,

Қиядан табар – тұғырын.

(Бірлікпен өсер өзара мінсіз ұғынып…)

Асыл мен Абзал, Әділ мен Нұрсәт – қамшыұстар,

Дардай кіл «хандар» – аттары тұрған сұғынып…

 

Асыл мен Бибі,

Нұрсая, Жан мен Жасерен.

(Ақ арман қуды – бір қадым қалмай еседен)

Заңғарын таудың сезініп – асқар әкеден,

Телегей-теңіз сімірді тәлім – шешеден.

 

Абзал мен Асыл,

Руани, Рухтан, Ахтаның,

Досханды сүйреп, селкеусіз сенім ақтады.

Иіні қанған тазадан киіп сақтиян,

Сынық сүйемдей жақындықтарын сақтады.

 

Өрісің кеңіп,

Жеңұшын жалғап мың жылға…

Әлаухат сенді – Саламат сынды сырлы ұлға.

Жансафа – тұңғыш, Жансезім менен Жантөлен,

«Жиендер» атты матады темір шылбырға…

 

Дұғасын оқып,

Дәспінің тасын тізгендей.

(Саққұлақ аңшы – үндемес анық із көрмей…)

Дауылы соқса тағдырдың – пенде шыңдалар,

Арыны қатты ағысқа қарсы жүзгендей…

 

Бұйрығы Хақтың,

Бұрылмай әсте бас салар…

(Жаратылғанның тәмамы түгел жасқанар…)

Періште-болмыс Әділханымен табысқан,

Абзалханжанағалық қылып, бас болар…

 

Лаухыл-маһпұздың,

Адалға – жеңіл сауалы.

(Сауабы кемел таразы – оңға ауады)

Жас жеткіндердің – мекені мәңгі ақ пейіш,

Жұмақтың жайсаң нөсері төгіп жауады…

 

Ақ үміт лаулап,

Уайым-қайғы кеміді.

(Өзекті жанды сындырмас саңлақ сенімі)

Адайдың атын адақтап Айға қондырған,

Анасы Елдің– Көктаубай батыр келіні!

 

*** *** ***

 

Өңменіөткір,

Адуын жырым – дүр-өлең.

(Алапат арлан – азуын айға білеген…)

Гүлаттас жеңгем,

Жер бетін жүз жыл басқанда,

Құйындай соғарбір өлең емес, мың өлең!

 

Мыңжан BAIZHANIN,

01 қаңтар 2020 жыл.

Алматы қаласы.

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Back to top button
Close
Close