Гүлжазым

АЯНАТТЫҢ АСХАНАСЫ

АС АДАМНЫҢ АРҚАУЫ

ЖҰМСАҚ, ЖҰҚА ҚҰЙМАҚ

Құрамы:

-500 мл сүт;

-4 жұмыртқа;

-3 ас қасық шекер;

-3 ас қасық сұйық май;

-280 гр ұн;

-500 мл қайнаған ыстық су (кипяток);

Жасалуы:

Жұмыртқа, шекер, сұйық майды араластырамыз. Сүт қосамыз, ұн саламыз. Араластырып біркелкі масса жасаймыз. Ең соңынан қайнаған ыстық су құйып, араластырамыз.

Майланған, қызған  табаға құйып, әдеттегідей құймақ пісіреміз. Арнайы табаға немесе “каменное покрытие”сі бар табада пісірсеңіздер өте оңай, жеңіл.

Жұп- жұмсақ болып шығады. Ыстық кезінде сары май жағып немесе бетін жауып қойған дұрыс. Ас болсын!

 

 

 

ПЕШТЕ ПІСІРІЛГЕН БРИЗОЛЬ

 

Құрамы:

Құймаққа

-5 жұмыртқа

-150 мл сүт;

-шымшым тұз;

-5 ас қасық ұн;

Салмаға

-500 гр тартылған ет (құрамында пияз бар);

-тұз, қара бұрыш, кориандр;

-4 қызанақ;

-400 гр ірімшік (сыр);

-6 ас қасық асқаймақ (майонез);

Жасалуы:

Жұмыртқа, сүт, тұзды араластырып, ұн қосамыз. Біркелкі қоймалжың сұйықтық жасаймыз.

Қызған табаны майлап, 1 шөміш сұйықтықты құямыз, екі жақ бетін аударып, құймақ пісіреміз.

Тартылған етке тұз және дәмдеуіштер қосып араластырамыз. Қызанақты орташа тілімдерге кесеміз. Ірімшікті үккіштен өткіземіз.

Құймаққа асқаймақ (майонез) жағып, тартылған етті біркелкі саламыз. Қызанақ және ірімшікті салып, рулет ораймыз.

Табаға пергамент төсеп рулеттерімізді ораналастырамыз. Бетіне аздап ірімшік сеуіп, фольга жабамыз. Алдын-ала 200* С қызған пеште 30 минут пісіреміз. Сосын пештен шығарып, фольганы алып, бетіне ірімшік сеуіп (фольгасыз) тағы 10 минут пісіреміз. Жалпы пісу уақыты 30-35 минут.

Кез-келген гарнирмен ұсынсаңыздар болады. Өте дәмді. Ас болсын!

 

 

ҮРМЕБҰРШАҚ ҚОСЫЛҒАН КЕСПЕЛІ СОРПА

 

Құрамы (көз мөлшермен):

-жұмыртқа;

-салқын су;

-тұз;

-ұн;

-ет;

-пияз;

-қызанақ;

-сәбіз;

-болгар бұрышы;

-картоп;

-үрмебұршақ (фасоль, алдын-ала пісіріп алыңыз);

Жасалуы:

Үрмебұршақты (фасоль) алдын  ала тұзды суда қайнатып, пісіріп аламыз.

Жұмыртқа және тұзды салқын суға қатты қамыр илеп, тындырып қоямыз.

Қазанға сұйық май құйып, етті салып қуырамыз. Татымына қарай тұз қосамыз, пияз саламыз. Біраз қуырылған соң, сәбіз және болгар бұрышын салып, қайнаған ыстық су құямыз. Баяу отта 35-40 минут қайнатамыз.

Осы уақытта, қамырды жайып, кеспе кесеміз.

Қайнаған сорпаға картоп және үрмебұршақты қосып, тағы 10 минут қайнатамыз. Соңынан кеспе салып 3-4 минут қайнатып пісіреміз.

Өте дәмді, тойымды сорпа.

Ас болсын!

 

Авторы: Аянат Қасым

Инстаграм парақшасы: @ayanat_kassym

P.S. Адам өмірінде тағам индустриясының орны бөлек. Дұрыс тамақтану — сапалы өмірдің, зор денсаулықтың кепілі бола алады. Журналымыздың сайтында фудблогер Аянат Қасымның ерекше ас  мәзірі тұрақты түрде жарияланып отырады. Пайдаларыңызға жарасын!

 

 

Осы айдарда

Back to top button
Close
Close