Қоғам және біз

Елімізде бір аптаның ішінде 40 адам қаза тапқан

Көлік апатының көбеюіне көктайғақ себеп болып отыр

Күннің күрт сууына байланысты, еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласқан. Соның салдарынан жолдарды көктайғақ мұз басып, көлік апатын көбейтіп отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми ақпараты бойынша, жалпы соңғы аптада 209 жол-көлік оқиғасы орын алған. Соның салдарынан 40 адам қаза тауып, 235 адам түрлі жарақатпен ауруханаларда жатыр.

Әсіресе, Қарағанды облысына қарасты Теміртау мен Пришахтинск қалаларының аралығында болған жол апаты жантүршігерліктей. Көктайғақтан табаны тайған ВАЗ көлігі темір қоршауға соғылып, жүргізушісі терезеден сыртқа ұшып түскен. Абырой болғанда, 25 жастағы жүргізушісі тірі қалған, бүгінде ол бірнеше дене жарақатымен облыстық медицина орталығында ем қабылдауда.

Сондықтан мұндай қолайсыз ауа райында жол үстіндегі қозғалысқа аса мұқият қараған жөн. «Қауіпсіздік мақсатында Ішкі істер министрлігі алыс сапарларды ауа райы жағдайына қарай жоспарлауға шақырады. Тұман мен боран болжанған күндері қала сыртына шықпауға кеңес береді»,- деді Нұрділдә Ораз әлеуметтік желіде өткен онлайн брифингте.

«Сарасөз-ақпарат»

 

Ілмектер

Осы айдарда

Back to top button
Close
Close