Қоғам және бізТаңдаулы

Әдебиет бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығын кім алды?

77 жастағы ағылшын тілі мұғалімі...

Әдебиет саласында 2020 жылғы Нобель сыйлығы америкалық ақын Луиз Глюкке табыс етілді. Швед академиясы Нобель комитетінің хабарлауынша, премия ақынға поэтикалық дауысы үшін берілген. Академия 77 жастағы Луиза Глюктың поэзия арқылы адамның өмірін өзгерту қабілетін ерекше атап өтті.

Америкалық ақындар академиясының канцлері атанып үлгірген Луиза Глюк 1943 жылы Нью-Йоркте дүниеге келген. Ол Американың Өнер және Әдебиет академиясының мүшесі және өз шығармалары үшін АҚШ-тағы бірнеше жоғары марапаттарға ие болған: Американдық Поэзия академиясы сыйлығы (1968), Ұлттық сыншылар қоғамы кітап сыйлығы (1985), Пулитцер сыйлығы (1993) және Боллинген сыйлығы (2001 жыл). 2003-2004 жылдар аралығында ол АҚШ ақыны, лауреат болды.

Ол Колумбия университетіне оқуға түсіп, бірақ білімін аяқтамаған. Соған қарамай Кейіннен Глюк Уильямстаундағы Уильямс колледжінде, Йель, Бостон және Айовадағы университеттерде, Вермонттағы Годдард колледжінде ағылшын тілінен сабақ берді.

Нобель сыйлығына қайта оралсақ, жоғарыда атап өткеніміздей биылғы марапат ақынның «қайталанбас поэтикалық дауыс, адамның жеке уайымын адамзаттық дәрежеге жеткізгені» үшін тағайындалды. Яғни, Жалғыздық, оқшаулану, қалау, жарақат – Луиза Глюк өлеңдерінің негізгі өзегі осындай.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы австриялық жазушы және сценарист Питер Хандкеге, «тілдік тапқырлықтың көмегімен адам тәжірибесінің шеткерілігі мен ерекшелігін зерттеген әсерлі жұмысы үшін» берілген еді.

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Back to top button
Close
Close