ГүлжазымТаңдаулы

МИЛЛИОНЕР БОЛУДЫ ҮЙРЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

«суық» оқырманды «жылы» клиентке айналдыру да – бір өнер

Бүгінде жаңа мамандық көп. Әсіресе оналйн салада. Карантин жағдайы онлайн мамандықтардың өзектілігін тіпті күшейтті. Сондай мамандықтардың бірі – копирайтинг.

Көпшіліктің ойына бірден көшіру сөзі келеді. Парталастан сабақ көшіргенінен бастап, құжат көшірмелейтін бұрыштағы аппараттарға дейін еске түсетінін жасырмайды. Алайда, копирайтингтің көшіру сөзімен мүлдем қатысы жоқ. Ағылшынынң copy – мәтін , write – жазу сөзінен шыққан. Бұл – XVIII ғасырда Америкада іргесі қаланған сөз арқылы мәселе шешу өнері, маркетингтің бір құралы. Әсіресе жарнамалық мәтіндер, тұтынушыға әсер ететін сөздер жазу осы копирайтер мамандардың міндеті.

Тіпті, бір ғана сөзден тұратын түрлі брендтердің атауы, немесе сөз тіркесінен тұратын жарнамалық слогандарды да ойлап табатын осы мамандар. Адам естігенде қандай әсерде қалады, оқығанда қалай қабылдайды, түгел зерттейді. Мәселен, кең танымал Coca Cola, Nestle дегендей бәріміз білетін брендтердің өнімінен атауы қымбат бағаланады екен.

Саланың ішінде көптеген тармақтар бар. Мамандар сайт копирайтері, әлеуметтік желі копирайтері, спичрайтер, сатылым скриптін жазушы, сценарист, т.б. деп бөлінеді. Кейбір копирайтерлер бірнеше тармақты игеруі мүмкін.

Менің салам – Инстаграм копирайтері. Осы желіде жазылатын посттар арқылы оқырманға әсер ету, жеке бренд қалыптастыру, сатылым жасау, аудиториямен байланыс орнату және «суық» оқырманды «жылы» клиентке айналдыру жұмысымыз. Қазір копирайтерлерге сұраныс жоғары. Алғашқы мектептер де қалыптасып жатыр. Жазу өнеріне бүйрегіңіз бұратын болса, бақ сынап көріңіз!.

@shuakh

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Back to top button
Close
Close