Таңдаулы

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ДЕПУТАТТЫҚ КОРПУС ЖАҢАРАДЫ

48 делегаттың өкілеттік күші орынды деп танылды

Келес ауданында «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының кезектен тыс VІІ конференциясы өтті. Конференцияны аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев ашып, жүргізіп отырды.

Конференцияның тиісті жұмысшы органдары бекітілгеннен кейін, мандат комиссиясы төрағасының хабарламасы тыңдалып, 48 делегаттың өкілеттік күші орынды деп танылды.


Конференцияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Ақментай Есбаев баяндама жасап, делегаттарға «Nur Otan» партиясы Келес ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Мұнан соң облыстық партиялық кандидаттар тізіміне үміткерлер арасында ашық қоғамдық пікір-сайыс өтті. Пікірсайыстың бірінші кезеңінде үміткерлер аудандағы проблемаларды шешу туралы өз ұсыныстарын білдірсе, екінші раундта кандидаттар «Сұрақ-жауап» форматында пікір талас өткізді.
Пікірсайыстан кейін конференция делегаттары мәдениет үйінің фоесінде арнайы жабдықталған орнында облысқа үміткерлерге «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Дауыс беруден кейін конференция өз жұмысын жалғастырып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық партиялық кандидаттар тізімі мен аудандық партиялық тізімді талқылап, бекітті. Бекітілген тізімдерге назар салсаңыз, депуттаттық корпустың жаңарғанын байқауға болады. Олардың арасында жаңа есімдер де жоқ емес. Сондай-ақ праймериз ережесіне сай әйелдер қауымы мен жастардың да үлес салмағы тең қарастырылған.
Сонымен қатар партияның облыстық филалының конференциясына делегаттар сайланды. Конференция соңында жиын қортындысымен арнайы қаулы қабылданды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button