Гүлжазым

ЖАБЫҚ ТАҚЫРЫПҚА АШЫҚ ӘҢГІМЕ…

...жүкті боп қалу, заңсыз түсік, жұбайдан ләззат ала алмау, құрсақ көтермеу...

Мен сексологпын…

Бұл сөзді дауыстап айтуға ұялатын, интимді проблемасын қалың көрпелердің астында  бүркеп ұстайтын қоғамда сексологпын...

Жыныстық сауаттылықты жабық тақырыпқа айналдырудан проблема азая ма? Жоқ. Қайта көбейеді. Түйінге айналады.

Төсек мәселесі  қарым-қатынасқа көңіл толмаушылық, психологиялық үйлесімсіздік,  ақша табуға,  жалпы өмірге деген құштарлықты жойып, ажырасуға немесе ішкі күйзеліске,  бақытсыздыққа әкеледі.

Сексуалды энергияны тұншықтыру нәтижесінде  өзіне сенімсіз әйелдер, дөрекі еркектер пайда болады.⠀

Бұл біздің елде жыныстық сауаттылық мектебі қалыптаспағандықтан болса керек. Балаларға мұндай «ұят» тақырыптарда сөз қозғау мүлдем болмаған, ал бозбала-бойжеткендер тек жеңгелерінің ұяла айтқан бірер кеңесімен шектелген. Қазір ол да жоқ, балаларды көбінесе интернет тәрбиелейді.

Оқушыларға  бұл тақырыпқа жеткілікті мән беретін пән енгізілмеген, оған дайындалған ұстаз да жоқ. Осыдан жасына  жетпей жүкті боп қалу, заңсыз түсік жасату, жұбайлық өмірден ләззат ала алмау, құрсақ көтермеу, босануға ағзаны даярламау сияқты көптеген проблемалар бой көтереді. Жігіттерде де солай: оргазм ала алмау, жыныстық қатынас процесін басқара алмау, өз жыныс өкіліне қызығу, балаларға көз салу, тіпті белсіздік сияқты мәселелердің түп-тамыры – жас кезден жыныстық сауаттылықтың болмауында.

Қазақстанда сексолог мамандығын оқытып  шығатын жеке факультеттер, оқу орындары жоқ. Жалпы сексология психологияның үлкен  бір тармағы. Мен білімді шетелден алдым.

Ал арманым – қазақ қоғамындағы жыныстық сауаттылықты арттыру. Мақсатым – әйелдердің өзімен, екінші жартысымен толық гормонияға жетуіне жол көрсету. Иә, айтпақшы, сексолог төсекті үйрететін маман емес. Бұл – өмірден ләззат алуға, гормонияға қол жеткізуге жетелейтін сала!

@alina.shadinova

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Back to top button
Close
Close