Түркі жұртында

50 МОНОБЛОК, 2 BILIMBOOK: кәсіпкер оқушыларды қуантты

Бұған дейін де ол ауылына 15 миллион тұратын спорт кешенін салып берген болатын

БӘЙДІБЕКТІК КӘСІПКЕР ӨЗІ ОҚЫҒАН МЕКТЕПКЕ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 13 МИЛЛИОН 400 МЫҢ ТЕҢГЕ ТҰРАТЫН СОҢҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЗАМАНАУИ 50 МОНОБЛОК, 2 BILIMBOOK ИНТЕРАКТИВТІ ПАНЕЛЬ , 5 «HP» ПРИНТЕР , 4 WI-FI РОУТЕР АЛЫП БЕРІП ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАДЫ.

2020 жылдың басынан бері дүниежүзін шарпыған COVID-19 пандемияға байланысты елімізде енгізілген карантиндік шараларға орай мектептердегі оқу шектеліп, қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілгені баршамызға аян. Осындай қиын-қыстау кезінде барлығында дерлік компьютер құрылғылары болмағандықтан оқушыларды қашықтықтан оқытудың біраз қиындық туғызғаны жасырын емес. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылдық округіне қарасты Кеңес ауылындағы Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп директоры Нұржан Ешмұратов пен ауыл жанашырлары ақылдаса келіп, қазіргідей карантин кезінде тығырықтан шығатын жол іздеп әрі жеткіншектердің болашағы мен жай-күйіне алаңдап, ауыл азаматтары арасынан шыққан кәсіпкер демеушілерді іздестіре бастады. Ауылдағы 140 отбасының жағдайын айтқызбай түсінген осы ауылдың төл перзенті, жеке кәсіпкер Ешмұратов Мэлс Сейтмұратұлы өзі оқыған мектепке өз қаржысы есебінен жалпы сомасы 13 миллион 400 мың теңге тұратын соңғы үлгідегі құрылғыны сыйға тартты.

1-11 сынып бойынша барлық пән бағдарламасы енгізілген бұл заманауи құрылғы оқушыларға 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білім алуға ықпал етеді. Және де 50 моноблок, 2 BilimBook интерактивті панель , 5 «Hp» принтер ,4 wi-fi роутер алып беріп демеушілік жасап отыр. Бұл техникалар мектептегі 4 бірдей кабинетке орнықтырылды.

Айта кетейік, Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп ғимараты 2017 жылы пайдалануға берілген. 150 орындық типтік үлгідегі ғимарат. Қазіргі таңда мұнда 1-11 сынып аралығындағы 188 оқушы білім алуда.
Мамандар, дәл мұндай жабдықтар республикадағы ешбір мектепке әлі орнатылмағанын айтып, таңдай қағуда. Ия, отансүйгіштік қасиет ең алдымен өз ауылыңа көрсеткен жақсылығыңнан басталады.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді дана халқымыз. Мэлс Сейтмұратұлы тек мұнымен шектеліп қалмады. Осыған дейін де ауылдағы екі көне мазаратты аяқ асты етпей, жан-жағын қоршап берген болатын. Сонымен қоса, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, олардың денсаулығы мен біліміне шынайы жанашырлық танытып құны   

Қазақ топырағы Мэлстей жанашыр жандардан кенде болмаған. Әрдайым өнерге, ғылымға, спортқа, әр түрлі салаға қамқорлық танытатын қалталы, атымтай жомарт азаматтарымыз баршылық. Олардың есімдерін мақтанышпен айтып та жүрміз. Зейінді, саналы ұрпақ қалыптастыру жолында аянып қалмаған атпал азаматымыздың әртүрлі салалар бойынша қолынан келгенше қайырымдылық жасап келе жатқан игі, сауап істерімен мақтана аламыз. Оған ауыл тұрғындары, ауылдың батагөй қариялары мен абыз аналары алғыс-баталарын аямай жаудыруда.

Мэлс Ешмұратов қазіргі таңда Қарағанды қаласында өз кәсібін дөңгелетіп жүрген ірі кәсіпкер. Демеушілікті ел игілігі мен ұрпақ сабақтастығына жұмсауды перзенттік парызым,- деп санайтын бауырымызға біз де кәсібіне береке тілеп, ұрпағымен бірге жасай берсін, демекпіз.

Осы айдарда

Back to top button
Close
Close