ТаңдаулыТүркі жұртында

«АЙЫМДАР ОТАУЫ» БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ ЖАСАДЫ

балалар анасын соңғы рет осыдан төрт жыл бұрын көрген болатын...

Тым құрыса бір адамға жақсылық жасауды алдына мақсат етіп қойған түркістандық «Айымдар отауы» осымен үшінші рет қайырымдылық іс-шарасын жүзеге асырды. Осы жолы олар үш баласын жалғыз асырып отырған әкеге қол ұшын созды.

Қарашаның қарлы күніне қарамастан азық-түлік толы пакеттерін арқалаған «Айымдар» қала сыртындағы қара сұр үйге беттеді. Мұнда оларды әлі ештеңеден бейхабар бір топ бала күтіп отыр еді. Күтіп отыр деген бұл жерде жай ғана теңеу, әйтпесе қаннен қаперсіз отырған олар аулаға қап-қап ұннан бастап, бір қорап алма, тіпті тортқа дейін тиеген көлік кіріп келгенде, аң-таң күйде қалды.

Кішілеулері «тосынсыйды» көргенде, қуанғаннан аспанға секірді, сәл ересектері қызарақтап, камерадан бой тасалай қашты.

Ал балаларға келсек, олар аналарын соңғы рет осыдан төрт жыл бұрын көрген болатын. Содан бері ізім-ғайым жоғалған оны ендігіде ешкім іздемейтін де болды. Өздерін жақсы өмірге айырбастаған адамның ісіне ренжіді ме, әлде басқа түскен тағдырға көндікті ме, ол жағы балалардың өзіне аян…

Ал енді әкелері үш баласын өсіріп-жетілдіру үшін ештеңеден аянып отырған жоқ. Азалы-кеш ауыр-ауыр жүк түсіріп, белі қайысқанша жұмыс істейді. Алайда, тапқаны мардымсыз, балалардың ас-cуына бірде жетсе, бірде жетпейді. Қайта бір мезгіл олардың сабағымен мен тамағына қарасатын әжелері бар. Ол кісінің де зейнетақыға әлі қолы жете қоймаса керек. Қала берді, балаларға да жәрдемақы ала алмай отыр. Өйткені өзі тастап кеткенімен, ана балаларынан бас тартпаған. Сондықтан жалғыз асыраушыға иек артқан бұл отбасында табыс бірге жетсе, бірге жетпейді. Бұл жолы жай ғана барлау жасау үшін құр қол келмейік деген «Айымдар отауы» қақпадан шыға бере жарты қап көмірді көздері шалды. «Алда әлі алты ай қыс… демек, ең бірінші бұл үйге отын қажет» деп түйді олар… Сосын балалардың құжаты мен тиесілі жәрдемақысын алып беруге көмек қолы қажет…

«Сарасөз-ақпарат»

Ілмектер

Осы айдарда

Back to top button
Close
Close