ТаңдаулыТүркі жұртында

Nur Otan партиясы республикалық штаб мүшелері Түркістан қаласында болды

Жастар мен аға өкілдер арасында ашық әңгіме өрбіді

Бүгін Nur Otan партиясының республикалық штаб мүшелері Түркістан қаласында болды.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, парламент мәжілісінің депутаты- Мұхтар Ерман, белгілі сықақшы, журналист Көпен Әмірбек және Түркістан облыстық Мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов бастаған кездесуде Nur Otan партиясының мақсаты мен алдағы сайлау науқанына дайындық барысы айтылды.

Алғашқы кездесу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің мәдениет үйінде өтті. Жастар мен аға өкілдер арасында ашық әңгіме өтіп, партия мүшелері жастарға ақыл- кеңесін берді. Өз кезегінде белсенді жастар толғандырған сауалдарымен ұсыныстарын жеткізіп, тұшымды жауап алды.

Партия мүшелерінің кезекті үгіт-насихат жұмыстары Түркістан қаласы «Сапар орталығында» жалғасты.
Кездесуге қаламыздағы қоғамдық ұйым төрағалары, соғыс ардагерлері мен желтоқсан оқиғасында болған аға буын өкілдері қатысты. Партия мүшелері өз сөздерінде Nur Otan партиясында болатын алдағы сайлауға белсене атсалысу қажеттігін түсіндірді.


Партияның Республикалық штат мүшелері кездесу барысында қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.


Кездесу соңында сөз етілген ұсыныстар мен тілектер қарастырылатыны айтылды.

#ХалықтықПартия
#NurOtan
_____________

Ілмектер

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Back to top button
Close
Close