Қоғам және бізТаңдаулы

Йоганың Ислам мәдениетіндегі орны қандай?

 Ешкімнің үгіттеуінсіз жақында йогаға барып бастадым. Жалпы бірінші мақсат түріктілді ортада тілімді жетілдіру еді. Екіншісі ішкі үнімді естігім келді. Күнделікті қарбалас тіршілік кейде өзіміздің шын мәнісінде не қалайтынымызды ұмыттырып жіберетіні рас. Қызық, мұны біреу айтпаса да интуитивті түрде йогаға тап болдым. Және өзгеше күйді, жағдайларды басымнан өткеріп, көзімнің жасына ие бола алмаған кездер де кездесті.  Мұның сырын тереңірек білгім келгендіктен йога инструкторынан сұқбат алдым. Қалғанын кейіпкеріміз айтып берсін, мархаббат!  

 

Орхун мырза,  алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз…

Мен Орхун Пек 1985 жылы 20-қаңтар күні  Анкарада дүниеге келдім. Әкемнен жастайымнан айрылып, анамның яғни матриархат тәрбиесін көріп өскен баламын. Анам мемлекеттік қызмет істеді. Бес-алты жасымнан бастап Сивастағы ауыл тіршілігіне араласып, шөп шабу, мал қарауды, аңшылықты үйреніп өстім. Содан он жасымда Анкараға келіп оқуымды осында жалғастырдым. Он екі жасымда алғаш рет таэквондоға қатысып, он төрт жасымда бірінші қара белбеу иесі атандым. Осылайша жауынгерлік яғни өзімді қорғау мақсатында оқу жаттығуларға қатысуды бастап кеттім. Таэквондодан басқа винчендон, clasquartive, full contact[1]жанасу сияқты бірнеше спорт түрімен айналыстым. Сонымен қатар волейболды жақсы ойнағаным үшін клуб тарапынан үздік ойыншы деген лицензияға ие болдым. Спортқа деген қызығушылығымды ары қарай дамыту үшін қылыштасу жаттығуларына да жазылып сабақ алдым. Бір қызығы заманауи спорт түрлерінен бөлек сонау 1500-1600 жылдары Анадолы мен Еуропада соғыс кезінде қолданылған соғыс қаруларының қолданылуына қатысты дәрістер алып, ат үстінде оқ атудың да қыр-сырын меңгердім. Спорт үйірмелерінен бөлек мектептегі сабағымды да қатар алып жүріп, мектепті аяқтадым. Жоғарғы оқу орнына Хаджеттепе университетінің консерваториясының театр бөлімін бітіріп, екінші бір университетте де бағымды сынап көру үшін, Гази университетінің туризм менеджменті мамандығы бойынша білім алдым.

 Сонда сіздің неше дипломыңыз бар?

Екі дипломым бар (күліп), одан кейін Отан алдындағы борышымды өтеу үшін әскерге бардым. Әскерден оралған соң, әр түрлі жұмыстарда қызмет атқардым; холдингтерде қонақүйлерде менеджер, театрда актер де болдым. Одан бөлек 18 жасымнан бастап фотомоделдікпен де айналысып келемін.

Сіз менің білуімше массаж да жасайсыз, иә?

Иә, 18 жасымда үш түрлі массаж  жасаумен айналысатын ұстаздардан дәріс алып, массаждағы бірнеше техникаларды еркін меңгеріп шықтым. Мысалыға мен білетін массаж түрлері мыналар: терең дәнекер тінінің терапиясы, триггер нүктесі[2] терапиясы, таии, валии, шиятсу және рефлексология кіреді. Әр нәрсенің шарықтау шегіне жеткеннен кейін міндетті түрде құлдырау болады, бұл өмір заңдылығы деп ойлаймын. Бірте бірте менің де жұмысым алға жүрмей санамда, өмірімде тоқыраулар болып жатты біршама уақытқа дейін. Осы тығырықтан шығу үшін йогамен айналысуды бастадым.

Осыдан алты-жеті жыл бұрын жол апатына түсіп, комаға түсіп қалдым. Мен медициналық тұрғыдан үш рет қайтыс болыппын, содан кейін бірнеше ай бойы комада жаттым. Сосын әйтеуір өмірге қайта оралыппын анамның айтуынша. Көзімді ашып өмірге қайта оралдым, алайда iшiм алай -дүлей болып тыным таба алмаған кездерім еді сол сәттер. Біраз уақыттан кейін мен жаттығуды қайта бастадым және йога мені тапты.

Орхун мырза, сөзіңіз аузыңызда мен де дәл осы жерде йогаға алғаш келуіңіздің себебін сұрағалы отыр едім?

Менің анамның Арзу деген жақын досы бар еді. Олар менің күйзеліп жүргеніме шыдай алмады. Сонымен мені қоярда -қоймай қолымнан жас балаша жетектеп Atoliye  деген йога студиясына(орталығына) әкелді. Мен алғашында йоганы қаламадым, тіпті мазақ еттім, йога деген не деп?  Алғашында бұл  орталығымыз шағын орын болды, жеті мұғалім жұмыс жасайтын еді,  ал қазір елуге жуық жаттықтырушыларымыз бар.

Handsome Italian doctor is showing empty white sign board.

Ақырындап сабақ ала бастадым, бірақ басында бұл маған күлкілі болып көрінді, қарсы болдым, содан бір күні сол жердің иесі Чагры Турсун деген кісі, менің йогадан басқа күреспен (вин чун) айналысқанымды естіген екен.  Олар маған вин чундан жеке сабақ беруімді ұсынды. Яғни орталығықта жұмыс жасайтын ұстаздарға сабақ беретін жаттықтырушы болып жұмыс істей бастадым. Сосын тренингтерге қатысуымды өтінді. Бірде шын ықыласыммен ал енді бірде әйтеуір қатыссам болды деп көңілсіз қатысып жүрдім. Менің бірде көл бірде шөл болып жүруімнің басты себебін, бір сәтке болса да сабырлы бола алмауым, қым-қуыт тіршіліктен, тығыз графиктерден арыла алмауым бір жерге тұрақтай алмай жүгенімді түсіндім. Сосын барлық күйзелісімнен арылып, йога жаттығуларына, медитациямен айналыса бастадым. Содан кейін бәрі өзгерді, әдетте бізге шынымен қажет нәрсе – ол біздің ұзақ уақыт бойы санамыздың түбінде жатқан бірақ неге екендігі белгісіз сол нәрседен қашып жүретіндігіміз. Ал егер сол ойға алған нәрсені жасап тастасақ жанымыздың жай табатынын, жетістікке жететінімізді, ісіміздің алға басатынан білеміз, бірақ жасамаймыз. Мысалы, бізге көп қозғалу, жаттығу жасау керек, алайда біз оны жасамаймыз. Неше түрлі сылтау тауып лажы болса сол жаттығу жасамауға тырысамыз. Ал мен бір орында тыныш отыра алмайтын адам едім, сабырлы болу мен үшін өте қиын болып көрінетін еді. Мен өте гиперактивті адам едім, ал қазір мүлдем керісінше сабырлы, салмақты болуды қолға алып үнемі өзіммен жұмыс жасап жүрмін. Арадан біраз уақыт өткеннен кейін бірінші курстың соңында йога туралы сабақ бере бастадым. Сабақтарымда адамдарға сабырлы болуды, баяу әрекет етуді, қызбалыққа салынбауды, медитацияға үйретемін. Негізі жан мен тән егіз ұғымдар және тұтас екендігін әрдайым еске салуға тырысамын. Осы екеуін бір уақытта сезіне отырып медитациямен айналысуларын қадағалаймын. Бес жылдан бері осында йогамен айналысып келемін. Осы сала бойынша орталығымызда бірнеше қиын әрі оңай курстар бар, мен әдетте семинарда ең қиын және ең оңай курсты беремін. Ең қиын сабақ – бұл йога соққысы, әскери лагерь сияқты көрінетін бұлшықеттерді нығайтуға арналған сабақ, инь йога мен ниндзя йога. Ниндзя – бұл ағын бойымен жатқан позициядағы сабақ. https://el.kz/news/tochki_nad_i/men_biletin_ioga/

 Йога сөзінің мағынасы не?

Йога — Үндістаннан шыққан физикалық және психикалық әрекеттерді сипаттайтын сөз. Индуизм, буддизм және жайнизмдегі әртүрлі медитациялық тәжірибелер де йога деп аталады. Индуизмде философияның алты дәстүрлі мектебінің бірі болып саналады[3]. Яғни йоганың басты мақсаты ретінде медитацияға отыру, адам жанын тыныштандыру рух пен жанның бір арада тоғысуы деп сипаттама беруге болады. Ал қазіргі жаһандану заманында батыста йога басқа мақсаттарда қолданылып, адамдар арасында дәріптеліп жүр. Сонымен қатар  батыста бұл кәсіптің түсі өзгеріп, сауда саласына айналды. Жоғарыда да айтып өткенімдей бұл жердегі басты мақсат сау дене бітіміне ие адамдардың медитацияға отыра алуы. Ақыл мен Тән жүйесін қалыптастыруды көздейді.

Зат алмасу процессін реттеп, маусымдық тұмау ауруларын азайтып, иммунитетті күшейтіп, ауа-райына деген тәуелділіктен арылтып, қимыл қозғалыстың жетіліуі үшін пайдасы орасан зор.

 Адамдардың йоганы бастауы үшін жеті себепті атап бере аласыз ба?

Негізінде йоганы бастау үшін ешқандай да бір себеп жоқ. Екіншіден біз өзіміздің дене бітімімізді танымай, мән бермей жатамыз. Мысалы сізге біреу массаж жасамаса қай жеріңіздің ауыратынан білмейсіз. Сол ауырған жеріңізге қолыңызды тигізген жағдайда ғана  сезінеміз. Бұл нәрсе адам өзінің дене мүшесін білмейтіндігінен орын алады, негізінде біз өзіміздің әр бір дене мүшемізді біліп, танып жүруіміз керек. Қай жерде қандай ауытқу, ауырсыну бар. тб.

Адам неге өзінің дене мүшесі туралы біліп жүру керек деп ойлайсыз?

Өзіңді дене мүшеңді танып білу үшін өзіңді байқап, терең зер салу арқылы психикаңа талдау жасап, ой сезімдеріңді олардың ассоциациялық байланысын, эмоцияларыңды ажырата аласың. Бұның барлығы өзіңнің мақсаттарыңды, армандарыңды олардың орындалуын тежеп тұрған психологиялық шектеулеріңді тануға, ішкі процестер мен сырттағы өмірмен байланысын жете түсіндіруге көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда сезімталдық пен байқампаздықты арттырады.

Үшіншіден миды тыныштандыру. Мидан керексіз дүниелерді шығарып тастау. Бірақ миымызға үнемі сырттан неше түрлі ақпараттар келіп отырады. Қарапайым ғана мысал ретінде сізбен сұхбаттасып отырып неше түрлі эмоциялар, иістер, көріністер келіп отыр. Сол көз алдымызда көріп отырған нәрселерімізді миымызда қорыту арқылы өзімізше неше түрлі сценарий құра бастаймыз. Ал медитацияда тек қана қарап отырасыз ешнәрсе ойламай. Өзіңізді бір кинотеатрда отырғандай елестетіңіз, және ол кино сіз туралы, режиссері де сізсіз. Яғни, бұл санаға басқа көзқарастардан қарауға мүмкіндік береді. Менің ойымша, бұл өте маңызды.

Денедегі ерік жігер, негізінде бұл нәрсе барлық спорт түріне қатысты бодибилдингтен жеңіл атлетикаға дейін. Адамдардың бұлшық еттері әртүрлі жаратылысқа ие, кейбіреуіміздің денеміз иілгіш келсе, ал енді кейбіреулердікі ағаш сияқты қатып қалады.  Бұның бірден бір себебі ауылдық жерлерден ұзақта барлығын технология жасайтын заманда өмір сүретіндігімізде. Шын мәнінде дене бітіміміз сау болу үшін денеміз икемді болуы керек. Өйткені икемсіз дене ортопедиялық денсаулық проблемаларын тудыруы мүмкін. Ал йога арқылы көптеген ауруларымыздың алдын ала аламыз.

Йогамен жалғыз айналысуға да болады, бірақ батыста адамдармен танысып рухани даму құралы ретінде де айналысуға болады. Шынында да йогамен айналысуға кеңес беремін, себебі бұл бір барға барып ішімдік ішу немесе құмар ойынға салыну емес. Йогада бірнеше адам сенімен бірге өздерінің (төсеніштерінде) маттарында отырып бірдей уақытта медитациямен айналысады. Адамдардың бірігіп жасайтын барлық әрекеттерінде өте күшті энергия бар және сол ортақ қуаттан барлығы пайда көреді. Бұл өте жағымды әсер деп ойлаймын. Өйткені бұл хормен бірге ән шырқап, саябақта көптеген адамдар бақытты, көңіл күйде болумен пара-пар. Йогамен айналысу арқылы да адам баласы өзінің білімін жетілдіре алады. Себебі көпшілігіміз бір жаңа істі бастамас бұрын алдымен ол дүниенің не екендігін қайдан келгендігін, шығу тарихын жан жақты зерттеп аламыз. Сонымен қоса йога мәдениетін қолданатын бірнеше өркениет бар, осы тарихты, мифологиямен танысу да адамға ерекше әсер беруі мүмкін. Өз өмірімнен мысал келтіретін болсам, йога туралы көптеген (Грек, скандинав, үнді, жапон және түрік мифологиясы) әдебиеттерді оқып, қарап шықтым.  Көп медитациямен айналысатындарда кейбір метафизикалық қабілеттер, галлюцинациялар көре бастап, жоғарғы аспан әлемімен де хабардар болып, рухани энергиясы арта бастайды. Бұндай құбылыс Исламдағы сопылықта да жиі кездеседі.

Йогаға байланысты Индустардың айтуы медитациямен айналысатын адам құдайлардың өмір сүретін қабатына дейін жетіп, тіпті одан да жоғарыға шыға алады екен. Денсаулыққа орасан зор пайдасы барына жоғарыда тоқталған болатынбыз, тағы да айта кететін жайт тіке жүруге де көп пайдасын тигізеді.

Адамдар йогаға қаншалықты жиі келеді?

Қазіргі заманда әр адамның басында көптеген проблемалар бар болуы мүмкін, қаншалықты өмір сүруге ыңғайлы жағдай жасалса да, неше түрлі технологиялардың дәуірінде өмір сүрсек те, бәрі бір де адам тез шаршайды, тез ашуланып күйзеліске түседі. Яғни адамға физиологиялық қимыл-қозғалыс шарт. Мысалы бір металлды алайық ол қолданылмай жата берсе тот басып жарамсыз болып қалады, ал оны пайдаға асыру үшін үнемі майлап жақсылап күтімін жасап отыру керек. Адам да дәл сондай күтімге зәру. Йога, қаптаған мазасыз ойлар жаулаған қара басыңнан басқа денеңнің бар екендігін еске сала отырып, оған да күтім керектігін, оған да мән беру керектігіне адамды бейімдейді.

 

Болмашы нәрсеге ашуланып, сабамызға түсе алмайтын кездер болып тұрады. Мұндай жағдайда йогадағы тыныс алу жаттығулары пайдалы болуы мүмкін. Біз дұрыс тыныс  алатын болсақ өмір сүру сапамыз және құштарлығымыз арта түспек. Біз кез келген жағдайда өзімізді қолға алып тыныштандыра білсек, проблемаларымыз соншалықты күрделі болмауы мүмкін. Көптеген дүниелердің  тізгінін өз қолымызға ала білсек, онда бізден бақытты жан болмас еді. Себебі біз басқалардың ойымен өмір сүріп кеттік, алайда өз өміріміздің қожайыны ретінде өз өмірімізді сүруіміз қажет.

Йоганың Ислам мәдениетіндегі орны қандай?

Менің ойымша йоганың атқаратын функциясы Исламдағы мәснәуиге ұқсайды. Өзіңіз де байқаған боларсыз, йога жаттықтырушылары адамдарға дәріс беру барысында адамдарды сүюге, айналаға махаббатпен қарауға, кешірімді болуға үйретеді. Сонымен қатар медитациямен айналысу барысында Руми Мәулананың сөздерін қолданады. Мантра яғни әуендету барысын намазға, зікір айтуға да ұқсас жақтары бар деп айтуға болады. Негізі бір бірінен алыс екі өркениеттің көптеген ұқсас тұстары бар.

 Йогамен айналысу барысында неге адамдар еріксіз жылайды?

Бұл құбылыс ниндзя йогада болады көбінесе. Себебі адамдар йогада  барлық проблемаларынан арылуды, демалуды, ләззат алуды көздеп келеді. Біз де әрбір йогаға қатысушыларымызбен жеке жеке жұмыс жасап, рух пен тәннің, ақылдың бір болуы үшін көптеген жаттығулар жасаймыз. Жаттықтырушыларымыз йогадан басқа да  дүниелерді біледі, себебі біз адам жанын емдеу үшін, жақсы дене бітімін қалыптастыру үшін барымызды салып жан жақты жұмыс жасаймыз. Орталығымызда терапевт, психолог сияқты мамандар да бар. Біз келген адамдарға пияз аршытып жылатпаймыз, олар өз өздерімен бетпе-бет келу арқылы көз жастарына ерік бере отырып іштеріндегі бар қиындықтарын сыртқа шығарып, бір жағынан жүгін жеңілдетеді. Бізге орамал тағып дінді қатты ұстанатын жандар да келіп жатады. Сонымен қатар аяғы ауыр әйелдер үшін де арнайы йога түрлері бар.

 Йогамен айналысуға келгендер жанары суланып жатқанда жаттықтырушы ретінде сіз не істейсіз? Бұл эмоция сізге қалай әсер етеді?

Мен адамдармен жұмыс жасауды, оның ішінде йога жаттықтырушысы ретінде көптеген жылдар бойы жұмыс жасап келемін. Сондықтан кез келген жағдайдан қиындықсыз шыға алатынымды айта аламын. Йога біткеннен соң, арнайы жағымсыз энергиялардан арылатын медитацияларым бар. Ал егер йогаға келгендер медитация барысында қиналса, рухани қолдауға зәру болса қолымнан келгенше жандарынан табылуға тырысамыз.  Қажет болса оларды құшағымызға басып, қолдау көрсетіп жатамыз.  Құшақтау – бұл адамдарға жақсы әсер ететін өте күшті сезім. Жаттығудан соң олардың жеке жеке жағдайын сұрап, энергияларын көтеретін жақсы иіссулар қолданамыз (апельсин, мандарин, т.б.) Себебі мен жұмысымды өте жақсы көремін, барынша жоғары дәрежеде қызмет көрсетуге күш саламын.

 

 Кімдердің шығармаларын оқисыз?

Мен қазір Густаф Юнгты оқып жатырмын, оған дейін Фрейдті оқыған болатынмын. Бірақ Юнгты қатты сүйіп оқимын. Сонымен қатар Қорқыт Атаны, балалық шағымда «Сақиналар әміршісі», Фрэнк Герберттің «Дуна» атты фантастикалық әдебиетінен бастадым.

 

Йоганың әйелдер үшін пайдасы қандай?

Йогамен айналысу ер немесе әйел деп жынысқа бөлінбейді. Екі жаққа да бірдей пайдасы бар.

Орхун Пек Секілді мықты маман мақсаттарымен бөліссе, оқырмандарым қуанып қалар еді…

Мүмкіндігінше йога арқылы барлық адамдарға пайдалы болуды мақсат еттім. Осы сала бойынша көптеген өз ісінің маманын дайындау, қаланың у шуынан тыныш табиғат аясында өзімнің йога орталығымды ашуды қалаймын. Ол жерде барлық нәрсе табиғи болады, сонымен қатар адамдар сол орталықта (саябақта) серуендеп демалуын қамтамасыз еткім келеді. Менің ойымша дүниені  адамдардың мейірім-махаббаты, жақсылығы құтқарады (жеңеді). Көп ақша тауып жатсам, әлемдегі қасиетті жерлерге саяхат жасауды армандаймын. Йогадан бөлек оқта текте қалам ұстайтын қасиетім бар, өлең шығарамын.

Гүлжаз ҚАРЫБЕК,

Нәзира ТҰРСЫНБАЙ,

АНКАРА

 

 

 

[1]  Жанасу спорты – бұл ойыншыларға әдейі немесе кездейсоқ күш салуға рұқсат етілген немесе ойын ережелері шегінде кез келген спорт түрі. https://en.wikipedia.org/wiki/Contact_sport#:~:text=Full%2Dcontact,-Two%20U.S.%20Marines&text=A%20(full)%20contact%20sport%20is,the%20rules%20of%20the%20game.

 

[2] Триггер нүкте терапиясы – бұл триггерлер нүктелерінің орналасуын және ауруды азайтуға және нүктені «сөндіруге» арналған. Бұл әдіс кейде миофассиялық триггерлер терапиясы деп аталады. ( Myo бұлшықет тінін білдіреді, және fascia бұл және оның айналасындағы дәнекер тіні болып табылады.)

[3] https://tr.wikipedia.org/wiki/Yoga

P.S. Ешкімді йогамен айналысуға үгіттеп жатпағанымызды ескертеміз! Рақмет!

Осы айдарда

Back to top button