ГүлжазымТаңдаулы

МЫҚТЫ БЛОГЕРДІҢ БЕС ҚАРУЫ

 

ЖҮРЕКТІ ЖАРАЛАЙТЫН АВАТАРКА.

Кіп-кіштентай шеңбердің құдіретін білмей жүрсіз бе? Шеңбер терезенің арғы жағындағы жарқын бейнеңізбен кез келген оқырманның жүрегін жаралайтыныңызды да білмей жүрген шығарсыз. Бәлкім содан шығар аваға  бала-шағаның суретін, дайын картинаны қойып жүргеніңіз. Бірде “Люблю мужа” деп басқаларымыз сезіміміз өтірік сияқты. Аватаркамен сіз анау көшедегі тұрғынның көзіне түсесіз, жай кетіп бара жатқан тұрғынның өзі бұл кім екен деп соға кетуі мүмкін. Аватаркаға баяғы үйлену тойыңдағы  фотоң мен жарты бет селфиің де жарамайды. Жүректі жаралайтын ава жарық, жақын, әдемі болуы керек.

ДӨП ТИЕТІН ШАПКА.

Аваңмен адам шақырдың ба, енді соны шапкамен ұстап қаласың. Қолынан жібермей, қолтығына жармасып емес. Көңілге дөп тиетін шапкадағы сөйлемдер мен тіркестермен. Өзіңнің қолыңнан не келетінін, жетістігің мен жеңісіңді жазып қой. Сонда ғана болашақ оқырманыңның көңіл нысанасына дөп тиесің. Көздеп ату деген сол. “2 принцессаның мамасы, ДАЙРАБАЙДЫҢ адал жары,” деп жазып қойыпсыз сіз… Дұрыс қой. Бірақ бәріміз бір-бір Дайрабайға адал жармыз, бәріміз бір-екі принц пен принцессаға анамыз. Оның несі ерекшелік. Одан да сол принцессалардың психологиясы жайлы айтамын деңіз, ДАЙРАБАЙҒА күнде пісіріп беретін тағам рецептерімен бөлісіп отырамын деңіз. Сонда да ғана сіз блогерсіз.

ӨРТЕЙТІН ПОСТ.

Авамен әкелдіңіз, шапкамен ұстап қалдыңыз. Енді өтімді постпен өртеу керек. Вк-дан алған цитаталар мен 2-3 сөйлемінде 23 қате бар мәтінмен өртей аламайсыз. Ол жанбайды да, тұтанбайды да. Әдемі оқиғаны эмоциямен баяндап жазыңыз, я болмаса оқырманға пайдалы текст жазыңыз. Әйтеуір қызық пост жазыңыз. Оны түзеңіз, реттеңіз, абзацқа бөліңіз. Сонда ғана өртейсіз. Қашанғы тұтанбайтын мәтіннің түтініне тұншығып отырмақсыз?

БАС АЙНАЛДЫРАТЫН ВИЗУАЛ.

Аваң әдемі, шапкаң ұтымды, постың өтімді болды, мейлі. Сонымен бәрі дайын ба? Жоқ, әлгі постың визуал дұрыс болмаса өртей алмайды. Өйткені сен келген адамды визуалыңмен қарсы аласың. Топырлаған адамдар, қараңғы фон, өзіңнен басқаның бәрі бар фотолармен тек тура мағынада да ғана адамның басын айналдырасың. Ауыспалы мағынада “айналдыру” керек… Әдемі фотолар бір-бірімен үйлесіп, көздің жауын алып тұруы керек. Визуал сенің бейнең. Ол дұрыс болмаса әлгі постың өзімен өзі өртеніп, өзімен өзі сөнеді. Кереметтілігіңе өзің ғана куә болып, өзіңе өзің ғана қошемет көрсетіп отыра бересің!

СҰМДЫҚ СТОРИЗ.

Қазір сториздің маңызы күннен-күнге артып келеді. Мықты блогер болам десең сторизде даусыңды шығарып сөйле, камераға сөйле! Қашанғы тығылып, үнсіз отыра бересің? Айт: бүгін не істейсің, қайда жүрсің. Пісірген тамағыңның рецебін бер, жинаған үйіңді видеоға түсіріп сал. Тақырып көп. Күн сайын әр контент дайында. Қашанғы зум мен бумеранг қолданып отыра бересің?

Сенде осы бес қарудың қайсысы бар? Қай қаруың осал?

Ақерке ӘБІЛХАН,

танымал блогер

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?
Close
Back to top button