Таңдаулы

ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚОҢЫР КҮЗ!

Қарашада бізді не күтіп тұр?..

      Күздің соңғы айы да басталып кетті. Ұлы Абай «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай…» дегендей, осы қарашада бізді қандай маңызды оқиғалар күтіп тұр. Соған қысқаша шолу жасасақ.

«Дарын» сыйлығына 20 жыл!

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы осы қараша айында табысталатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз білетіндей, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы соңғы 20 жылдан бері беріліп келеді. Биыл бұл сыйлықты тапсыру салтанаты осы қараша айында – Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді», – деді вице-министр .

Еске сала кетсек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 2017 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді. Оның алдында бұл сыйлық 2 жылда бір рет тапсырылатын.

Оқушылар мектепке оралады

15 қарашада екінші тоқсан басталады. Білім және ғылым министрлігі екінші тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылардың саны артатынын хабарлады.

Оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшіріледі.Сондай-ақ, ата-аналардың өтінішімен 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

Бес уақыт намазды мешітте оқуға болады

2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Алайда әзірге Жұма намазын жамағатпен оқуға рұқсат етілген жоқ.

Карантин күшейтіледі

 

Бірқатар өңірлерде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қатаң шектеулер қойылады. Көбіне еліміздің солтүстігі мен Шығыс Қазақстанда науқастар саны артуына байланысты, ұжымдарда қызметкерлердің 80 проценті қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылуда. Қараша айында қатаң түрде жиналыстарды өткізуге рұқсат жоқ. Вахтамен жұмыс істейтіндер міндетті түрде ПТР-тесттен өтеді. Теміржол вокзалдары мен әуежайларға күтіп алатын және шығарып салатын адамдарды кіргізуге болмайды.

Түйін: Бір нәрсені ұмытпаған жөн, карантин жұмсарғанмен, ауру ешқайда кеткен жоқ. Сондықтан баршамыз сақтанып жүрейік, әзірге масканы шешуге ерте екенін естен шығармайық!

«Сарасөз-ақпарат»

Осы айдарда

Мынаны оқыдыңыз ба?
Close
Back to top button