ТаңдаулыТүркі жұртында

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ СУ ЖАҢА 77 КӨЛІК БЕРІЛДІ

Күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады

Түркістан облысы медициналық жедел-жәрдем стансасына 77 санитарлық көлік берілді. Салтанатты рәсімге арнайы қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, отандық өндірістегі жедел-жәрдем көліктерінің жасақталуымен танысты.

«Коронавирус індетімен күрес мақсатында елде медицина саласына зор көңіл бөлініп жатыр. Барлық елді мекендерде осындай жаңару бар. Жаңа көліктер ауыл тұрғындарының медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, жедел-жәрдем паркін жаңартуға мүмкіндік беріп отыр. Осы орайда, сіздердің ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіргім келіп отыр. Еңбектеріңіз халыққа денсаулық пен қуаныш сыйлап, табысты болсын»,

-деді аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Жедел-жәрдем көліктері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мамандандырылған реанимациялық емдік шараларын көрсетуге мүмкіндік беретін автокөліктер портативті өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф, реанимациялық көмек көрсетуге арналған чемодан, жылжымалы зембіл, пульсоксиметр, редуктор-ингалятор және электрсорғыштармен жасақталған.

Жыл соңына дейін қосымша 45 дана санитарлық автокөлікпен жабдықтау көзделген.
Жалпы, күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады.

Тәулігіне орташа есеппен 2000-ға жуық қоңырау түсуде. Келесі жылы бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметін одан әрі жетілдіру жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ілмектер

Осы айдарда

Back to top button
Close
Close