ГүлжазымТаңдаулы

ЖҮРЕККЕ СЫЗАТ ТҮСІРМЕ!

Шынар Әбілда

Ет жақының бар. Бөтендер бар.

Сенің өміріңе аса араласа бермей, жанама түрде қатысатын, көп әсер ете бермес жандар болады. Бірақ өмір жолың олармен үнемі түйісіп жатады. Кей адам саған тікелей әсер етіп, өміріңнің бағытын өзгертіп жатады. Келетіндер мен кететіндер бар. Бірі әп-сәтте жүрек күнделігіне із қалдырса, бірі жылдар бойы қасыңда жүрсе де жаныңа енбей қалады. Қасыңда кім қаларын өзің де түйсіне алмайсың…

Шыңырауға құлар сәтте ет жақының қолыңды жібере салады. Ал мүлде бөтен жандар қолын созып, құтқарып қалады. Бір жолмен келе жатып, екі жаққа қарап өтуге болады. Әр түрлі жолда келе жатып, тағдыр қиылысында түйсіп қалуға болады. Келесі сәтте, айда, жылда не боларын ешкім де білмейді.

Бастысы, өзгенің өміріне енгенде, мейлі тіпті бір сәтке жанасып қалар тұста өзгенің қараңғы жанына жарық түсірер бір сәуле қалдыруға тырыс. Енді ешкім құтқармас деген шақта сәл ғана байқалар сол сәуледен біраз уақыттан соң алапат алау жануы әбден мүмкін. Әлемге мейірімді бол. Адамға тек адамгершілік тұрғысында қара. Бұл әлсіздік емес, кемшілік емес. Бұл – құны жоқ дара қасиет.

Қымбат жанға маңызды сөзді дер кезінде айт. Ол күткенде айт. Жүрекке маңызды дүниенің бәрінің шектеулі мерзімі болады. Әр нәрсенің өз уақыты бар: сөздің де, әрекеттің де. Бөтен жанға да маңызды сөздерді айт. Бәлкім, сенің сөзіңмен періштесі жұбатып жатқан болар. Бұл фәниге бәріміз де қонақпыз. Аз ғұмырда көретініміз тек адам баласы. Араласпасақ тұра алмаймыз. Адам дүниеге жалғыз келіп, жалғыз кетеді десек те, жер бетінде ешқашан жалғыз болмадың. Қасыңда әрдайым адамдар болғаны сөзсіз.

Жаныңды жанап өткен әр адам тағдыр кітабыңда ізін қалдырады. Сол секілді сен де өзгенің тағдырын өзгертуің мүмкін. Абайлап жүр! Өзгенің жүрегіне сызат түсірмеуге тырыс!

Анжелика Хоффманн

Жалғыздыққа тек мықтылар төзе алады…

Опасыздық пен сатқындықтың құнын білетіндер. Ту сыртынан қадалған қанжарды талай рет суырып алғандар. Жүрекке түскен тыртықтан жаны сірі боп қатып қалғандар. Олар жалғыздыққа тығылып қалғандар. Жолап кеткен пенденің екіжүзділігінен шаршағандар.

Аль Пачино

Махаббат

Махаббат — көздің қарашығындай сақтау.

«Көңіл күйің қалай? Не қалар едің?» дегенді сұрау.

Күніне бір рет болса да сені күлдіртуге тырысу.

Алдымен саған, мен-мен-мен емес. Сен бәрінен артық, басқа ешкім керек емес.

Саған дейінгінің бәрі телефоннан, жадыдан, жүректен өшіп қалу.

Қызғанып емес, сен үшін көбірек алаңдауы: «Қайдасың?» «Не істедің?» «Жаурап қалмадың ба?» «Еш жерің ауырып тұрған жоқ па?» деп…

Қатты құшақтағысы келуі. Қолдағысының бәрін беріп, бергеніне дән риза болуы.

Махаббат деген сен жайында, сен үшін бәрі-бәрі-бәрі.

Ешқашан күмән қалдырмауы. «Мені сүйетінің рас па?» деп сұратпауы.

Ол сені пайдаланбайды, қалағаныңды сыйлайды.

Махаббат деген ол үшін бүкіл әлем екеніңді білмесең де сезу. Махаббат деген көздің қарашығындай сақтау.

© Алина Ермолаева, 2018

Осы айдарда

Back to top button