Назым сөз

Серік Ақсұңқарұлы

ҚАЙДАСЫҢ, ҚЫЗ-АУ?

Қыз-Көктем…
Қызым-ау, сен қайда жүрсің,
Сен Күнде жүрсің-ау, не—Айда жүрсің?
Қай елде бұлбұлдайын сайрап жүрсің,
Адамды абдыратқан айлаң құрсын…

Көңілі бір желпінсін, жері жібіп,
Көрінші мынау елге бері жүріп?
Алқынып сені күтіп тұр ғой әлі,
Арқада Арғын деген Сері жігіт?

Келетін болсаң— келші:» Жаным-ай!»-деп,
Мойынына асыл, тіпті, «Ханым-ай!»-деп:
Үш жүздің басын қосқан баяғыда,
Осы елден шыққан Төре Абылай кеп?

Қазақтың қамы мұнда сан айтылған,
Хисса мен неше қилы ән айтылған.
Аңыз боп осы өлкеде Абай туған!
(Лапылдап!—
Суық жерден қалай туған?!.).

Еңбегі елдің мұнда бір өнбеген,
Күні жоқ тығырыққа тірелмеген.
Арқада—алты ай қыс қой әлімсақтан,
Жеті ай—жұт және осында— біреуменен?!,

Қайдасың, Көктем-Ару, бері жүріп,
Көрінші, ел қуансын, жері—жібіп?
Абдырап тұр ғой әлі сені күтіп,
Арқада Арғын деген Сері Жігіт…

 

Ілмектер

Мынаны оқыдыңыз ба?

Close
Back to top button
Close
Close