АудармаТаңдаулы

ГЕТТИСБУРГ ЖОЛДАУЫ

Баяндаған Авраам Линкольн, 1863 Жылы 19 Қараша.

Шайқас Майданындағы Тағзым Ету

 

Белгілі боксшы Қанат Исламның ұсынысымен аударған: Ұланбатыр Бақытханұлы.

2020 Жылы, Желтоқсан. АҚШ, Нью-Йорк.

 

Осыдан 87 жыл бұрын, бабаларымыз осы құрылықта азаттықты ту еткен әрі барлық адам баласы тең жаралған дейтін ұстанымға негізделген жаңа бір мемлекет құрды.

Біз қазір сол елдің немесе дәл солай құрылған һәм сол бағытты ұстанған әрқандай елдің ұзаққа табан тіреуін сынға алар үлкен бір азамат соғысын бастан кешудеміз. Біз сол соғыстың алып шайқас майданында кездесіп отырмыз. Біз осы елдің болашағы үшін өз өмірін қиған боздақтарға сол майданның бір бөлігін ақтық мекен ретінде бағыштауға келіп тұрмыз. Біздің міндетті түрде осылай істеуіміз бүкілдей орынды да оңды болмақ.

Алайда, кеңірек толғанар болсақ, біздің бұл жерді арнауға жөніміз жоқ, қасиеттеуге жөніміз жоқ, қастерлеуге жөніміз жоқ. Осында арпалысып арамызда қалған және құрбан болған батырлар бұл жерді киелі топыраққа айналдырды, біздің бұған қосатын иә бұдан алатын шамалы күш-қуатымыздан анағұрлым үстем етті. Төрткіл дүние біздің мұнда не айтқанымызға болмашы назар аударар, көп өтпей естерінен де шығарар, бірақ олардың ізгі істерін мәңгі ұмытпақ емес. Осы жерде күрескен есіл ерлердің осы уақытқа дейін аса биік мәртебемен жеткізген аяқталмаған мұрат-мақсаттарына өзімізді арнау біз тірілер үшін керек. Біз өзімізді алдымызда тұрған ірі сынаққа салғанымыз абзал. Сол себепті соңғы деміне дейін сарқып қалдырған даңқты құрбандардан зор жігер алуымыз керек. Біз мұнда көз жұмған арыстардың жаны текке пида болмағаны тиісті екенін айқын көрсетуіміз керек. Және Құдайдың қамқорлығында, осы бір ел бостандықтың ақ таңын алаулатуы қажет. Һәм халықтың, халық тарабынан, халық үшін құрылған үкіметі жер бетінен жойылмауы керек.

Осы айдарда

Back to top button
Close
Close